Олимпиадаға әркімнің-ақ бар таласы...

Олимпиадаға әркімнің-ақ бар таласы...

Тарихы сонау гректерден бастау алған, төрткүл дүниенің төрт құбыласын түгелдеп отырған Олимпиада ойындарында да талай қызықтың орын алғаны анық. Спортшылардың жығылғаны, боксшылардың сүрінгені, бапкерлердің тұтығып қалған кездері - бәрісін-бәрі дүбірлі додада орын алып жататын қайталанбас сәттер. Бірақ, біздің айтпағымыз мүлде басқа нәрсе. Мәселен, Олимпиада ойындарының медальдарын 1912 жылдар мен 1948 жылдар аралығында өнер адамдары да иеленген. 

XIX ғасырдың соңғы ширегінде Пьер де Кубертен (сол уақыттардың атақты сыншысы) Олимпиада ойындарына деген өзінің қара қазандай өкпесін жасырмай айтып, нәтижесінде өнер саласындағы спортқа қатысты құндылықтардың бәрі де медаль жолында жарысқа түскен. Мәселен, архитектура, әдебиет, музыка, көркемөнер мен мүсін өнері саласы спорттың қызу ортасында талқы болған. 

Алайда, 1948 жылғы Олимпиада комитеті өнер адамдарын жанкүйерлер қатарына қайта апарып қосу керектігін жақсы түсінеді. Себебі, сол уақыттағы өнер адамдарының барлығы дерлік өз істерінің хас шеберлері болатын. Және ақша табу жолында бар мүмкіндіктерін аямайтындықтары да жасырын емес-ті. Сондықтан, сол уақыттан бастап өнер адамдарының өнерлері жай ғана көрмелерде ұсынылып келеді.

Сурет: admagazine.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига