Винокуров Қазақ елін тағы бір медальмен қуантпақ

Винокуров Қазақ елін тағы бір медальмен қуантпақ

Қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров екінші Олимпиада медалін иеленуге күш сынасатын болады, деп хабарлайды Массагет.кз. Аталған ақпаратты Қазақстан Республикасының спорт және дене шынықтыру агенттігінің спорт комитеті төрағасы Тастанбек Есентаев растады.

Астаналық Винокуров енді уақытқа жарысудан тағы бір рет Қазақ елін қуантпақ. Қазір ол бағдарлама бойынша аталған жарысқа дайындық жүргізуде. Тамыз айының бірінші жұлдызында ол Асан Базаевпен бірге жарыста барын салатын болады. 

Айта кетсек, Александр Винокуров Лондонда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салған еді. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: fanatik.kz

Ж. FM