Поляков іріктеу сындарынан аса алмады

Поляков іріктеу сындарынан аса алмады

Қазақстандық жүзгіш жігіт  Владеслав Поляков өкінішке орай, Олимпиадалық ойындардың жартылайфиналдық кезеңіне шыға алмады. 

Поляков 100 метрге брасс (малтудың ерекше түрі) әдісі арқылы жүзуде 1:01:16 уақытта өтіп бірінші келген  болатын. Дегенмен бұл көрсеткіш отандасымызды жалпы кестеде 33-ші сатыда орналасуға мүмкіндік берді. Ал, жартылайфиналдық кезеңге Олимп ойындары барысында тек 16 спортшы ғана шығуға мүмкіндік алған. 

Спорттың бұл түрі бойынша жартылайфиналдық сындар 29 шілдеге ауған түні өтетін болады. 

Сурет: london2012.com

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

 

Л. Лига