Қанат қадамын нық басып, келесі кезеңге өтті

Қанат қадамын нық басып, келесі кезеңге өтті

Бокстан 56 келі салмақта еліміздің намысын қорғайтын "Астана Арланс" командасының мүшесі Қанат Әбуталипов Лондон төріндегі жарыстың алғашқы айналымынан іркілмей өтті. 

26 жасар Астана қаласының тумасы Қанат бірінші айналымда сириялық Виссама Саламанамен кездескен-ді. Кездесудің бірінші кезеңінде Әбуталиповтың бағыттаған бес соққысы дөп тисе, қарсыласының небәрі бір ғана соққысын өткізіп алған.

Екінші кезең 5:3 есебімен аяқталды. Үшінші кезеңді Әбуталипов ширақ өткізіп, тағы да 5:3 есебімен ұтқан. 

Қорытынды есеп 15:7 болып біздің отандасымыздың пайдасына шешілді. Келесі айналымда бірінші кезеңде Джейлан Деннисті  21:6 есебімен ұтқан ирландық Джон Джо Невинмен жұдырық түйістіретін болады. 

Сурет:bnews.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Ж. FM