Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Лондон-2012 / Лондон Олимпиадасының ашылу салтанаты

Лондон Олимпиадасының ашылу салтанаты

 Лондон Олимпиадасының ашылу салтанаты

Адамзаттың тарихында ойып тұрып орын алар, ойын деген аты болмаса - күндерді тірілтіп, ғасырлар үнін бір арнаға тоғыстырар қасиеті бар, төрткүл дүниені 4 жылда бір дүрліктіріп, дүниені думан мен ән-күйге бөлейтін XXX жазғы Олимпиада ойындары келіп жетті.

Кәрі құрлықтың төсінде бұлқынып жатқан, әні бірліктің аясында тоғысқан, сан ғасырлық тарихы бар, табанды тағдыры мен таным көкжиегінің кеңдігінің арқасында әлем шыңын бағындырып, талайдың талайдан бергі арманына айналған Ұлыбритания Олимпиада алауын тұтатып отыр.

Стадионда орналасқан 27 тонна салмағы бар ауыр да алапат қоңырауды "Тур де Франс" көпкүндік веложарысының соңғы жеңімпазы Брэдли Уиггинс соқты. Сонымен миллиардтан аса көрермен тамашалап отырған тамаша салтанатты кеш ашылып та кетті.

Университеттер мен кітаптарда ғана сыр шертіліп жататын Ұлы Британияның сан ғасырлық тарихы енді санаулы ғана минуттар ішінде көз алдымыздан көлбеңдеп өтпек. Аядай ғана елдің аямай тер төккені, ең алғашқы революциялық жеңістері, өнеркәсіп пен өнердегі бастамалары - бәрісін-бәрі көрермендердің жүрегіне жол тартпақ.

Айта кетсек, британдықтар ашылу салтанатына 42 миллион қаржы жұмсаған. Аталған алып та ауыр қоңыраудың өзі әлемдегі ең үлкен құндылық болып саналады. Әрине, Пекинде жұмсалған қаржы мөлшерімен салыстыруға келмейді. Алайда, британдықтар ең басты орынға шоу арқылы өз елдерінің тарихын танытқысы келген. 

Естеріңізге салсақ, 15 мың квадрат метр жерді алып жатқан сахнада 12956 декорация көрсетілетін болады. 

Джеймс Бонд пен королева екеуі ұйымдастырған көрсетілім талайды таң-тамаша күйге бөледі. Бұл өз кезегінде королеваның тік ұшақтан парашютпен секіргендігі - бүкіл сахна бір сәтке демдерін ішке жинап қалды. Жо-жоқ, королева жүзінде шаттық, көзінде күлкі, өзіне ғана тән салқынқандылықпен сахнаға көтерілді. Және үкілі әлем қол соғып, таңданыстары мен мақтау сөздерін жасырып қалмады.

Орталықта кино мен кітапта ғана өмір сүріп келген жаңа және жүзі таныс кескін-келбеттер пайда болуда. Мәселен, Волан-де-Морт өз өнерін ортаға салуда.

Лондонның симфоникалық оркестрі сахна ортасында пайда болды. Бір қызығы, пианистің орнына Мистер Бин шығыпты. 

Ары қарай ән сүйер қауым қалт тынып қалды. Себебі, ағылшын әні жайлы әңгіме өрбімек... Әрине, атақты "Битлздың" да ұмыт қалмасы белгілі.  Өйткені олар өз әндері арқылы бүкіл әлемді тербетіп, жаңа ғасырдың тууына, ән ғасырының тууына сеп болып кетті. Өз кезегінде олар орындаған әндер ешқашан жалықтырмайды, керісінше, бөгде бір, таңғжайып әлемнің есігін айқара ашып береді. 

Олипиаданың бүкіл елшілерін бұдан басқа қай жерден көруге болады? Естеріңізде болса, төрт жыл бұрын Пекинде, яғни жабылу салтанатында Дэвид Бэкхем алаңға доппен шығып, өз өнерін ортаға салған болатын. Енді міне Темза арқылы кемемен келіп отыр. Осы жолы қолында доп жоқ. Есесіне, олимпиада факелі. 

Мексика құрамасы кемпірқосақ түсте ортаға шықты. Ең қызығы, Моңғолия құрамасы өздерінің көптігі жағынан таң-тамаша қалдырды. Ал Панамалықтар бірыңғай қара түсті киім киіп шығуды дұрыс көріпті. "Қара түсті киімділер-4" киносын еске түсіріп жіберер еді. Көптен күткен сәт, біздің Қазақстан құрамасы алшаң-алшаң басып, аптықпай, аяңдап келеді. 

Қандай ғажап! Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сэр Пол Маккартнидің әдемі әнінің аясында үлкен салютты тамашалау бір ғанибет.

Сурет: vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

561 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 28 шілде 2012, 11:20
Пікірлер
+0
28 шілде 2012, 16:42

Маған ең алғашқы көріністері ұнады. Ал кооролеваны расымен түсті ма не парашюттан???

+0
29 шілде 2012, 12:25

Маған кішкентай балаларға арналған көрініс ұнады!

+0
28 шілде 2012, 16:45

біздікілер әдемі шықты расымен, кейбір елдер 4-5 спортшымен шығып жатса, біздікілер жақсы шықты, көп те емес, аз да емес ) киімдері де керемет көрінді, и жандарым :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...