Лондон-2012-де алғашқы әлем рекорды орнатылды

Лондон-2012-де алғашқы әлем рекорды орнатылды

ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында алғашқы әлем рекорды орнатылды. Әлемдік рекорд иесі оңтүстік кореялық садақ ату спортшысы Им Дон Хьюн.

Бүгін Лондон қаласында ерлер арасында садақ атудан рейтинг турда 26 жасар спортшы 699 ұпай жинай білді. Сонымен қатар, Оңтүстік Корея елінің басқа бір өкілі Ким Бубмин

698 ұпай жинап екінші орында тұрақтады. Үздік үштікті тағы да бір корея елінің намысын қорғайтын спортшы О Чжин Хиьюк толықтырды. Ол 690 ұпай иеленді. 

Сондай-ақ бүгін осы жарысқа Қазақстандық спортшы Ганькин Денис жалпы есеп бойынша 670 ұпай жинап 17 орында тұрақтады.

Айта кетсек, дәл қазір осы спорт түрінен әйелдер арасында рейтинг тур өтуде және Қазақстан атынан 2005 жылы Қазақстанның абсолюттік чемпионы атанған Баннова Анастасия өнер көрсетуде.  

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM