Су полосынан Қазақстан ұлттық құрамасы бірінші ойынын Испаниямен өткізеді

Су полосынан Қазақстан ұлттық құрамасы бірінші ойынын Испаниямен өткізеді

Биыл Қазақстанның әйелдер құрамасы, өкінішке орай, олимпиаданы тағы да жіберіп алды. Нақтырақ айтатын болсақ,  әйелдер құрамасы қатыспайтын бұл екінші олимпиада (соңғы рет 2004 жыл қатысты). Сондықтан қазақстандық көрермендердің барлық үміті ерлер құрамасымен байланысты. Су полосынан Азия чемпионатының және Азия ойындарының 4 дүркін чемпионы - Қазақстан Ұлттық құрамасы Жапония елінде өткен Азия-2012 Чемпионатында жеңіске жетіп, Лондон қаласында өтетін жазғы XXX Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігін жеңіп алған болатын. 

Отандық ватерполшылар 29 күні басталатын жарыста А тобында өнер көрсететін болады. Топта қазақстандық спортшыларға Автралия, Грекия, Испания, Итлаия, Хорватия ватерполшылары қарсылық көрсетеді. Өзінің алғашқы кездесуін қазақстандықтар Испания құрамасына қарсы ойнайды.  

Ұлыбритания астанасы Лондонда өтетін жазғы XXX Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын азаматтар:

Аты-жөні

Амплуа

Бойы

Салмағы

   Дроздов Сергей
23.10.1969

Бас бапкер

183

88

Максимов Николай
15.11.1972

Қақпашы

190

95

Шмидер Алексей
19.03.1990

Қорғаушы

183

86

Кокорин Никита 

22.07.1989

Жартылай қорғаушы

190

77

Шакенов Мурат 

23.09.1990

Жартылай қорғаушы

183

73

Укуманов Рустам
22.03.1986

Жартылай қорғаушы

192

94

Жиляев Евгений
13.07.1973

Қорғаушы

190

95

Рудай Михаил
04.05.1988

Шабуылшы

192

103

Манафов Равиль
22.06.1985

Шабуылшы

194

103

Горовой Сергей

Қақпашы

   

Шведов Александр
11.04.1973

Қақпашы

197

85

Губарев Сергей
30.10.1978

Жартылай қорғаушы

187

90

Панфили Алексей
05.11.1974

Қорғаушы

198

98

Ушаков Владимир
16.03.1982

Жартылай қорғаушы

195

94

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: aquatics.kz, london2012.com

Ж. FM