Қазақстандық ескекшілер Лондонда тоңып жүр

Қазақстандық ескекшілер Лондонда тоңып жүр

Қазақстандық ескекшілер Лондонда тоңып жүргендерін айтты. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады. 

"Лондонның ауа-райы жаңбырлы. Әрі салқын. Аталған аймақтың климатын ескере отырып экипировкамызға жылы жейде қосылғандығында жақсы болар еді", - деді еспелі слаломнан Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Екатерина Лукичева.

Жалпы алғанда отандастарымыздың жағдайы жақсы екендігі де белгілі болды. "Ұйымдастырушар әрқашан спортшылардың жанынан табылып, кез келген көмек көрсетуге даяр", - деп ықыласын білдірді Екатерина. 

ва

Олимпиадалық қалашық

Олимпиадалық қалашықта түрлі асханалардан бөлек, шаштараз, тренажер залдары, сауна, сән салондары қонақтарға қызмет етуде.

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін Олимпиадалық құраманың капитаны Серік Сапиев спортшыларға ұсынылған формаға көңілі толмайтындығын айтқан болатын. Аталған экипирвканың дизайнымен Kuralai сән үйі айналысқан еді. Орталықтың жетекшісі Құралай Нұрқаділова айтылған сынды Сапиевке шатастырылып басқа өлшемді киімнің берілгендігімен түсіндірді. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Екатерина Лукичева©