Лондон-2012. Он жылдық саяхат

Лондон-2012. Он жылдық саяхат

Әні-міні дегенше олимпиада ойындарына үш-ақ күн қалды. Екі ай бойына жол шеккен олимпиада алауы өз мәресіне жетудің аз-ақ алдында. 

27 шілде күні болатын ашылу салтанаты Лондонның  ішке жинап келген аста-төк байлығын, бар дайындығын айқындап береді. Сонау 2003 жылдан бермен қарай ағылшындардың қалай дайындалғаны, құрылыстар мен ірі кешендерді салғаны - бәрісін-бәрі жіпке тізілгендей миллиондардың алдына тартылатын болады. Сонымен кәрі құрлықтың қасиетті де қадірлі ұрпағы саналатын ағылшын жұртының 10 жыл ішіндегі жасап үлгерген жасампаздығы:

1.Тауэрск көпірінің астында болған жарнамаға байланысты мерекедегі Олимпиада сақинасы.

2. Лондондағы «Уэмбли» алаңындағы 70 000-ға жуық еріктілердің дайындыққа қатысуы.

 

3. Олимпиада стадионының әуеден қарағанда көрінісі. Айта кетсек, кескін 2008 жылдың 12 қарашасында түсірілген. 
4. Аталған стадионның 2009 жылдың 15 сәуірінде түсірілген кескіні. 
5. 2009 жылдың 5 желтоқсанында стадион толықтай бітті. 


6. 2012 жылдың 5 наурызы. Олимпиада стадионы мен "Орбита" мұнарасы споршыларды күтіп алуға дайын. 


7. Олимпиада ойындарының үш дүркін жеңімпазы британдық Джонатан Эдвардс өз жетістіктерін көрсетуде. 
8. Белорустардың үкілеп отырған гимнасы Любовь Чаркашина Олимпиада ойындарына дайындық үстінде. (Минск).
9. 60 келі салмақтағы моңғолдық рестлер Мандахнаран Ганзориг Ұлан-Батыр спорт кешенінде дайындық жасауда. Әлемнің басқа ойыншылары керемет залдарда дайындық жасап жатқанда, осы бір азамат баскетбол ойнап жүрген балалардың бір бұрышында қыздырынып жатыр. Кішкентай балалар келеке қылып күлгенмен, оны құлаққа ілер Ганзоринг жоқ. 
10. Лондонның Темза өзенінде королдік әскер дайындық жасауда. 
11.Трамплиннен секіруден әлем чемпионы британдық Том Дэли бітудің аз-ақ алдында тұрған су спорты түрлеріне арналған 5 метрлік трамплинде қызықтап тұр.
 
12. «Aquatics Center» - дайындық жасауға арналған бассейн. Суға толтырып, сынап көруде.


13. Лондондағы су спорты түрлеріне арналған үлкен кешенің су асты құрылымы.
14. Әулие Павелге арналған мектеп алдындағы Олимпиада ойындарының бойтұмары Уэнлок пен Паралимпиада ойындарының бойтұмары Мандевиль.


15. Лондонда америкалық Брук Крейн суперкростан өтетін әлем Кубогіне дайындық жасауда. 
16. Бразилиялық гимнаст Джейд Барбоса Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындарына дайындық үстінде.


17. Лондондағы Олимпиада паркіндегі «ArcelorMittal Orbit» сәулет өнері. 115 метр биіктікте тұрған кешеннен бүкіл қаланы көруге болады. 


18. Лондондағы су түрлері спортына арналған Олимпиада орталығының сыртқы кескіні. 
19.  Лондонның шығысында орналасқан су спорты түрлеріне арналған «Lee Valley White Water Center» кешеніндегі ескекті су қайықшысы. 


20. Британдықтар үміттеніп отырған триатлоншы Ванесса Роу Темза өзенінің жанындағы үйінен шаршап, арнайы палаткада жұмыс қылуда. Аталған палатка спортшы қыз ұйықтап жатқанда төменгі деңгейдегі оттегі мөлшерін қадағалайды. 
21. Әлем Кубогінде өнер көрсететін дат командасының велошабандоздары Лондондағы "Велодромда" жарыс үстінде. 
22. Америкалық Кристин Уокер веложарыстан өтетін Әлем чемпионатының алдында дайындық жасауда. Лондондағы олимпиада ойындарының қарсаңында сынақ үстінде. 
23. Допингке қарсы жаңадан салынған лаборатория Ұлы Британияның Харлоу қаласында орын тепкен. 150-ге жуық өз ісінің мамандары тәулік бойына жұмыс жасайды. Және Олимпиада мен Паралимпиада ойындарының кезінде 6520 үлгіні зерттеуден өткізеді. 
24. Лондондағы жол үсті көлік қатынасына қарап отыратын оператор. Олимпиада кезінде аталған орын координация орталығына айналатын болады. 
25. Ұлыбританияның Линкольн қаласында орналасқан әуе шабуылына қарсы қорғануға байланысты біріккен жерасты базасы. Олимпиада алдында 13 мыңға жуық әскери қызметкерлер өз өнерлерін көрсетуде. 

26. Лондондағы баскетболға арналған Олимпиада алаңында ұшақ кетіп бара жатыр.
27. Ұлыбританияның жағажайдағы валейбол спорты түрінен шеберлер саналатын Денис Джонс пен Люси Болтон өнер көрсетуде.

 
28. Ресейлік Алексей Черемисинов пен британдық  Джеми Кенбер семсерлеу үстінде. 


29. Голболдан ширек финалда Қытай мен АҚШ құрамасы.
30. Ұзындыққа секіруден британдық чемпион -  Дж. Джегеде.
Сурет: vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт 
 
Л. Лига