Лондонда еліміздің көк байрағын Нұрмахан Тінәлиев алып жүреді

Лондонда еліміздің көк байрағын Нұрмахан Тінәлиев алып жүреді

27 шілде 12 тамыз аралығында Лондонда өтетін ХХХ жазғы олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақ елінің көк байрағын елі сенген азамат Нұрмахан Тінәлиев алып жүреді.  

Нұрмахан Тінәлиев 1988 жылы Жамбыл облысында, Шу ауданының Далақайнар ауылында дүниеге келген. Ол грек-рим күресінен Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы және әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. 24 жастағы спортшы әкесінің ұйтқы болуымен күреске 14 жасында келген және 16 жасында Қазақстан чемпионы атанады. 
Жазғы Олимпиада ойындарында Ту ұстап шыққан спортшылар 

Жылы
Қала
Мемлекет
Ту ұстаушы
Спорт түрі
1996
Атланта
АҚШ
Ермахан Ыбырайымов
Бокс
2000
Сидней
Австралия
Ермахан Ыбырайымов
Бокс
2004
Афины
Грекия
Асхат Жіткеев
Дзюдо
2008
Бейжің
Қытай
Бақыт Ахметов
Ауыр атлетика
2012
Лондон
Ұлыбритания
Нұрмахан Тінәлиев
Грек-рим күресі
 
Ал біз төрткүл дүниенің тарландары бас қосатын додада Қазақ елінің намысын қорғайтын спортшыларымыз топ жарып шықсын деген тілек білдіреміз.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: alaman.kz

Ж. FM