Доңыз жылы дүниеге келген танымал тұлғалар

Доңыз жылы дүниеге келген танымал тұлғалар
Фото: Sistema de Museos Virtuales

Жыл санау - халық даналығының бір тарауы. Осы жыл санау арқылы он екі жылдан қайырып отырады да, оны «жыл қайыру» деп атайды. Бұл тəсіл өткен жылдарды есептеуге де, адам жасын анықтауға да өте ыңғайлы əрі тағылымы бар тапқырлық есептік жүйе де. Біріншісін он үш жылдан, одан кейінгілерін он екі жылдан есептеп, адам жасын да оңай шығарып ала береді. Алдағы жыл – доңыз жылы. Доңыз жылы өте жайлы жыл болады екен. Стихиясы – су. Өте адал, шынайы, салмақты да ақылды болып келеді. Кемшілігі: біреуге тәуелді, аңғал, сенгіштік қасиеті басымырақ. Назарларыңызға осы жылы туған танымал қазақстандықтарды ұсынамыз. 

Қасым Аманжолов – қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келген. Қазақты ұлы ақыны. 


Ғаббас Қабышұлы – сатирик, жазушы, аудармашы. 1935 жылы 9 сәуірде Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданының Ұранхай ауылында дүниеге келген. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005).


Әшірбек Сығай – 1947 жылы 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында дүниеге келген. Театр сыншысы, аудармашы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.


Бағлан Әбдірайымов – Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Ақсу-Жабағлы елді мекенінде 1983 жылы дүниеге келген. "Жігіттер" квартетінің әншісі. 


Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев1983 жылы 14 наурызда  Тараз қаласы Жамбыл облысында өмірге келген. Боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, І дәрежелі Барыс орденінің иегері. 

2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы 16 қарашада Қарағанды облысында туған. Боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012), спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы, қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі.

Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері. 


Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев – 1983 жылы туған. Қазақтың спорт және туризм академиясын дене шынықтыру оқытушысы, күрес жаттықтырушысы мамандығы бойынша бітірген. Педагогика ғылымының магистрі. Грек-рим күресінің палуаны, жастар арасында әлем чемпионы (Ыстамбұл, 2003 жыл), 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2009 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. 


Дмитрий Игоревич Баландин – 1995 жылдың 4 сәуірінде Алматы қаласында туған. Қазақстандық жүзуші, 200 метрлік брасс бойынша олимпиада чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы. 50, 100 және 200 метр бойынша Қазақстан рекордсмені. Жүзу бойынша Қазақстан тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы.

Т. Раушанұлы