Сурет таңдап, тілек қабыл алыңыз

Сурет таңдап, тілек қабыл алыңыз
Фото: fotoidea.kz

Аз күннен соң ескі жылды сырып тастап, бізге қарай қадам басқалы тұрған Жаңа жылға орай Массагет порталы оқырмандарына тәтті тілек тілеп, шынайы шаттық сыйлағысы келеді. Шартымыз біреу-ақ: өзіңізге ұнаған бірнеше суреттің реттік нөмірін жаттап алыңыз, астындағы нөмірге сәйкес мәтінді оқыңыз да, күлімсіреңіз. Шын жүректен тілеген тілек орындалатынына сенгейсіз!

Бір

Екі

Үш

Төрт

Бес

Алты

Жеті

Сегіз

Тоғыз

Он

Он бір

Он екі

Он үш

Он төрт

Он бес

Он алты

Он жеті

Мәтінді оқымай тұрып, сурет таңдап алыңыз

1. Массагет порталы сізге жүрегіңіз аппақ қардай болып, кездесер кедергілер қар тәрізді тез еріп кетуін тілейді.

2. Сізге артық тілектің қажеті жоқ. Онсыз да аққала секілдісіз. Сізде бәрі керемет, бәрі ерекше.

3. Жаңа жылды керемет қарсы алу үшін ең тәтті сезім мен ең жақсы сыйлыққа ие болыңыз!

4. Бақытыңыз көлеңкедей соңыңыздан қалмайды, сіз оны әлі байқамадыңыз ба?

5. Тағдырыңыз тәтті, әр күніңіз сәтті болсын!

6. Отбасыңыз аман, деніңіз сау, сізге жақын адамның барлығы бақытты болғай!

7. Жаңа жылда дүкеннен ештеңе сатып алмасаңыз да, бар қалауыңыз жаныңыздан табылсын!

8. Жаңа жылды таңғажайып көңіл күймен қарсы алып, жыл бойы сондай қуаныштан көз жазбағайсыз!

9. Сүйген адамыңызға өмір бойы сүйікті боп өтіңіз.

10. Жаңа жылдың ғажайыбы ешқашан таусылмайды. Нағыз бақыт – отбасы мен достарыңыз әрдайым жаныңыздан табылуы.

11. Жалақыңыз аяқ астынан шарықтап өсіп кетсін!

12. Ақшаға сатып ала алмайтын ең құнды сыйлықтарға ие болыңыз!

13. Сүйген адамыңыз түсіңізге кірмеген тосын сый жасасын деп тілейміз.

14. Жақындарыңыз жаныңыздан бір қадам алыстамасын!

15. Әр күніңіз жарқын да, шаттықты, әр жылыңыз ақ қарлы болсын!

16. Әр күніңіз таңғажайып сыйлықпен басталсын!

17. Орындалмастай көрінген ертегідей қиялыңыз шындыққа айналсын!

Ал сіз қай суреттерді таңдадыңыз?

@. @assel_assanova