Италия құрамасы жартылай финалда

Италия құрамасы жартылай финалда

Англия – Италия – 0:0 (0:0).

Ойын соңындағы пенальти – 2:4.

АНГЛИЯ: Харт, Джонсон, Терри, Лескотт, Коул, Милнер (Уолкотт, 61), Джеррард, Паркер (Хендерсон, 94), Янг, Руни, Уэлбек (Кэрролл, 61).

ИТАЛИЯ: Буффон, Абате (Маджо, 90), Бонуччи, Барцальи, Бальдзаретти, Де Росси (Ночерино, 80), Пирло, Маркизио, Монтоливо, Кассано (Диаманти, 78), Балотелли.

Еуро-2012 турнирінің жартылай финалына Италия жолдама алды. Бұл жолы Англия құрамасын ойын соңындағы пенальтиден ұтқан итальяндықтар чемпиондық тәжді қайта киюге бір табан жақындай түсті.

Бірінші ойын бөлігінде екі команда да бір-бір голдан соғатын тамаша мүмкіндікті жіберіп алды. Алғашқы минуттардан-ақ итальяндықтар қорғаныста да, шабуылда да сауатты ойнай алатындықтарын көрсетіп, ең бірінші қауіпті сәтті ұйымдастыра білді. Команданың алдыңғы шептегі ойыншысы Даниэл Де Росси шіреніп тұрып соққы жасаған-ды. Алайда, бұл жолы Джо Хардқа қақпа бағанасы көмекке келіп, ағылшындықтарды бір қатерден құтқарып қалған-ды. Енді ағылшындықтар айып алаңынан шығудың жолын қарастыра жүріп, бірінші голды соғатын тамаша мүмкіндікті жіберіп алды. Бұл жолы Буффон әлемдегі ең үздік қақпашылардың бірі әрі бірегейі екендігін Глен Джонсонның соққысынан соң дәлелдеп берді.

Екінші ойын бөлігі алма-кезек шабуылдармен өтіп жатты. Әсіресе, бір Марионың бағыттаған соққысының өзінде есеп болмады. Және ойындағы есеп те ашыла салмады. Ал ағылшындықтарға келетін болсақ, олар қорғаныста жамбастап жатып алып, кезегі келгенде ғана еріне жүріп қарымта қайтаруға тырысты. Тек ойын барысын түпкілікті өзгертеді деген соққы экстар таймда орын алды. Кезекті бір шабуыл кезінде Алессандро Диаманти алдына келген допты айналдыра соққы жасаған, бірақ, тағы да қақпа бағанасы ағылшындарға көмек қолын созды... 

Осы турнирдегі ең бірінші пенальти сериясына кезек келді. Бүкіл команда жүгін арқалап Буффон мен Джо Хард қақпаға бет алды. Содан не керек, ағылшындықтар жеңіске жетуге бір табан жақын тұрған. Алайда, соңғы соққыларға келгенде, бейберекетсіздік танытты. Ал оны өз кезегінде итальяндықтар тиімді пайдаланып, нәтижесінде ағылшындардың уысында тұрған жеңісті суырып алды. 

1/4 финал. Англия - Италия - 0:0 (0:0, 0:0, 0:0). Пенальти: 2:4
Ойын соңындағы пенальти:
0:1 - Марио Балотелли; 
1:1 - Стивен Джеррард;
1:1 - Риккардо Монтоливо (мүлт кетті);
2:1 - Уэйн Руни;
2:2 - Андреа Пирло;
2:2 - Эшли Янг (қақпа бағанасы);
2:3 - Антонио Ночерино;
2:3 - Эшли Коул (қақпашы);
2:4 - Алессандро Диаманти.

Енді итальяндықтар 28 маусым күні Варшава қаласында Германия құрамасына қарсы ойын өткізеді. 


Суреттер: 1tv.kz; sports.gamebookers.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига