Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Еуро-2012 / Англияға өзі келген жеңіс

Англияға өзі келген жеңіс

Англияға өзі келген жеңіс

Англия - Украина 1:0

Гол: Руни, 48

Англия: Харт, Джонсон, Терри, Лескотт, Э. Коул, Милнер (Уолкотт, 70), Джеррард, Паркер, Янг, Руни (Окслейд-Чемберлен, 87), Уэлбек (Кэрролл, 83)

Украина: Пятов, Гусев, Хачериди, Ракицкий, Селин, Тимощук, Гармаш (Назаренко, 78), Ярмоленко, Коноплянка, Милевский (Бутко, 77), Девич (Шевченко, 70)

Ескертулер: Джеррард, Э. Коул - Тимощук, Ракицкий, Шевченко

Стадион: «Донбасс-Арена» (Донецк)

Төреші: В. Кашшаи (Венгрия)

Украина жұртшылығы, бүкіл әлем, футбол сүйер қауым тамаша футбол спектакліне куә болды. Топтан шығу жолында жеңіске жетудің күре жолын іздейтін украиндықтар мен футболдың Отаны саналатын ағылшындықтар Донбасс-Арена стадионында кездесті.

Венгрлік төрешінің ысқырығы берілуі мұң екен, Блохин баптаған, жұрт жақтаған украиндықтар қарсы қақпаға лап қойды. Онысы түсінікті де еді. Туған жердің төсінде болып отырған Еуропа чемпионатында топтық кезеңнен өте алмау деген қай команда ойыншысы үшін сын емес пе?! Ендеше, украиндықтарды түсінуге болады. Бірақ, футболдың аты - футбол. Мұнда бәрі болады. Оған дәлел кешегі ресейліктер..., күтпеген жерден демей-ақ қояйық, соңғы ойынға дейін үмітін тайдырмай келген гректердің топтық кезеңнен өтіп кетуі, тағысын тағы толып жатқан футболда болатын немесе орын алатын драмалық көріністер.

Сонымен бұл ойын несімен ерекшеленді. Біріншіден, доптағы, алаңдағы басымдылықты иеленген украиндықтар болды. Сәт сайын қарсы қақпадан саңылау іздеп көрген Блохиннің шәкірттері алғашқы минуттардан-ақ гол соғуға тырысты. Өз кезегінде ағылшындықтар да есе қайтарар деп ойлап едік, жоқ міз бақпай қорғаныстан аттап баспай қойды. Шабуыл шебінде жүрген жалғыз Руни бір жолы ғана тамаша мүмкіндікті мүлт жіберіп алды. Енді, екі бірдей ойынға шеттетілген "Манчестер Юнайтед" ойыншысының бұл қылығы түсінікті еді. Бірақ, Еуропадағы ең үздік шабуылшының екінші мүмкіндікте мүл кетпейтіні тағы түсінікті болатын.

Украиндықтардың ойынын жүргізген, әр берген Коноплянка мен Ярмоленко болды десек қателеспейміз. Әсіресе, Коноплянканың ойыны. Жалғыз өзі ағылшындықтарды қанша мәрте састырды. Тек тәжірибе жетіспеді демесеңіз, ойынға керек барлық қырынан танылды.

Ойын өстіп бір бағытта жүріп жатқан-ды. Кезек ағылшындардың қарымта шабуылына келді. Қай жолғыдай Джеррард қапталдан сытылып өтіп, қақпа алдына пас тастап үлгерді. Допқа бірінші жеткен Пятов артық қимылға барды. Жартылай соққы екенін бағамдап үлгермесе керек, ала допты қолынан шығарып алды. Ал осы кезде қақпаның жақын маңынан Руни табылып, иесіз қалған қақпаны сансыратып кетті. Есеп:1:0.

63-минуттағы Девичтің кезекті бір соққысын есепке алмасақ, ойын алаң ортасында тартыспен аяқталды. Көпшілікті таңғалдырған ағылшындықтар көп нәрсеге күмәнмен қарау керек екендігін танытты. Ал украиндықтар болса намысты қолдан бермеу жолындағы ойында көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.


Сурет:newsil.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

490 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 20 маусым 2012, 10:35
Пікірлер
+0
20 маусым 2012, 11:32

Қақолдардың голын есептемей қойғаны жаман болды :x

+0
20 маусым 2012, 12:01

айтпа, Кличкоға ұрғызу керек еді... :evil:

+0
20 маусым 2012, 12:18

Украина жақсы ойнады,"чемпиондарға тән ойын үлгісі" біздің кәментаторларша айтсақ

+0
20 маусым 2012, 12:26

біздің кәментаторларша айтсақ, "жолы болмады..."

+0
20 маусым 2012, 12:36

англия қуады

+0
20 маусым 2012, 12:49

Макаронниктерден өте алмайды. Өткен куннін озінде немістер оларды таптап кетеді!

+0
20 маусым 2012, 13:29

неміс машинасы мықты. испандардан ұтылып қалатын сияқты ғой

+0
20 маусым 2012, 14:13

жоқ, немістер 4 жыл, 2 жыл бурынгы кеткен еселерін кайтаратынына сенімдімін!

+0
20 маусым 2012, 13:35

точна ұтылады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...