Испания құрамасы өз күшінде

Испания құрамасы өз күшінде

Испания - Хорватия 1:0
Гол: Навас, 88 (0:1).

Испания: Торрес, Касильяс, , Сильва, Пике, Рамос, Альба, Хави, Бускетс, Хаби Алонсо, Иньеста, Арбелоа.

Хорватия: Ракитич, Плетикоса, Вида, Праньич, Чорлука, Стринич, Вукоевич, , Срна, Модрич, Шинденфельд, Манджукич.

Eуро-2012 турнирінің топтық кезеңінің соңғы күнінде Испания құрамасы мен Хорватия құрамасы кездесті. Әлем назарын тіккен, көпшілік асыға күткен шешуші ойында жалғыз гол соғылды. Және сол жалғыз голдың авторы - Навас. 

Славен Билич баптаған балқан түбегінің ойыншылары әдеттегідей шақпақ жейдеде шықты. Бірінші минуттан өздерінің қорғаныста ойнайтындықтарын дәлелдеп, тактикалық тұрғыда Испания құрамасына мүлде жат ойын өрнегін ала шыққандықтарын танытты. 

Аталған топтағы тартыс басқа топтағы тартыстар секілді әбден шиеленісіп еді. Испанияға да жеңіс ауадай қажет. Хорваттар жеңуі тиіс, әйтпесе, екінші өтіп жатқан ойында итальияндықтар жеңіп кетсе, онда топтан шыға алмай қалады...

Ойын бірсыдырғы өтті. Хорваттар бірінші минуттардан қорғанды. Жалғыз Манджукич ешнәрсе бітіре алмады. Рамос пен Пике осы бір денелі шабуылшыны құрықтап ұстауға тырысты. Есесіне испандық жартылай қорғаушылардың да зықы шықты. Денелі, әлеуетті келген хорват ойыншылары жайдан-жай допты беріп қоя салмады. Кезегі келгенда "қызыл фуриялықтарды" сұлатып салып, қарымта шабуылдарын ұйымдастыруға тырысты. 

Екінші ойын бөлігінің соңғы минуттарында (88-минут) Фабрегас қақпа алдына әдемі пасты әуелетіп тастай салды.Қорғаушылардан бұрын бірінші сытылып шыққан Иниеста қақпашыны алдап жатпай-ақ сол уақытта қасынан табылған Навасқа пас берді. Ал бұл сәтте Навасқа бос қақпаға допты тебе салу ғана қалып еді. 

Осылайша өз тобында Испания бірінші орын алып, келесі кезеңге өтті.


Суреттер:sport.segodnya.ua; raw-smack.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт


Л. Лига