Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Еуро-2012 / Данни Уэлбектің шешуші голы

Данни Уэлбектің шешуші голы

Данни Уэлбектің шешуші голы

 Англия онлайн Англия  3-2  Англия онлайн Швеция

Төреші:  Дамир Скомина

Өткізілген күні: 15 маусым, 00:45


Негізгі құрамда: 

Англияонлайн Англия: Харт - Коул, Лескотт, Терри, Джонсон - Паркер, Джеррард, Милнер, Уэлбек, Янг - Кэрролл.
  Қосалқы құрамда: Джагелка, Келли, Даунинг, Окслейд-Чемберлен, Уолкотт, Дефо, Хендерсон, Батланд, Бейнс, Грин, Джонс.

Швецияонлайн Швеция: Исакссон - Гранквист, Мельберг, Ольссон, Лустиг - Свенссон, Чельстрем, Тойвонен, Ларсон - Ибрагимович, Элмандер.
    Қосалқы құрамда: Хульмен, Виланд, Байрами, Тойвонен, Хюсен, Вильхельмссон, Люстиг, Антонссон, Розенберг, Вернблум, Ханссон, Сафари.


Футбол онлайн Голдар:  Англия онлайн Кэрролл(23)1-0,  Швеция онлайн Мельберг(49)1-1,  Англия онлайн Джонсон,автогол(60)1-2,  Англия онлайн Уолкотт(64)2-2,  Англия онлайн Уэлбек(79)3-2,

card.png Ескертулер:    Англия онлайн Милнер   (58),  Швеция онлайн Мельберг   (63),  Швеция онлайн Ольссон   (72),  Швеция онлайн Свенссон   (90),

Миллиондаған жанкүйерлердің асыға күткен ойыны 15-минутқа кешігіп басталды. Бастапқы уақытта ойын бірсыдырғы өтіп жатты. 7-минутта Скотт Паркер қақпаға ең алғашқы допты бағыттады. Исакссон еш қиналмастан допты қағып алды. Сөйтіп тартыс қыза түсті...

Шведтер құрамынын бір ғана өзгеріс болды. Бұл жолы Ибрагимовичтің қасында серік болып алғашқы минуттардан "Болтон" командасының ойыншысы  Йохан Элмандер ойнады. Ал Рой Ходжсон баптаған ағылшын командасының сапында Алекс Окслейд-Чемберленнің орнына бірінші минуттардан Кэрролл шықты. 

15-минутта Джеймс Милнер қапталмен барып Уэлбекке тамаша пас тастады. Бірақ, Джо Харт еш қиындықсыз допты бағындыра алды. Бірінші ойын бөлігінің орта тұсында алғашқы гол орын алды. Стивен Джеррард алаң ортасынан асырып пас тастады. Бірінші болып жеткен Кэрролл ойындағы есепті ашты. Есеп: 1:0.

Екінші ойын бөлігі бірден қатты қарқынмен басталды. Ибрагимовичтің кезекті айып добы қорғаушылардан кері серпілді. Бірақ, қайта келген допты айып алаңында өріп жүрген қалың ойыншылардың ортасына тастай салды. Бұл жолы  Олаф Мельберг бірінші болып соққы бағыттап үлгерді. Шыны керек, Джо Харт бар өнерін салып жатып кері қайтарып еді. Алайда, қақпашының қасында тұрған Глен Джонсонға тиіп, бастапқы бағытымен қайта барып қақпа торынан бір-ақ шықты. Есеп теңесті: 1:1. Одан араға көп уақыт салмай жатып, 59-минутта Себастьян Ларссон қақпа маңына әуелетіп тамаша пас тастады. Бұл жолы да Мельберг бірінші жетіп, еш қиындықсыз екінші голдың авторы атанды.

Бір кезде алаңға Милнердің орнына Тео Уолкотт ауысып кірді. Арада 3-минут өтер-өтпесте "Арсенал" командасының ойыншысы қақпашыға күтпеген жерден тосын соққы жасады. Қалың қорғаушылар алдын кес-кестеп жүргендіктен бе, Исакссон бұл жолы өз қақпасын голдан аман соқтап қала алмады. 

78-минутта ойын тіптен шиелінісе түсті. Алма-кезек шабуылдар өткірлене бастады. Солардың бірінде тағы да Тео Уолкотт өзінің қатты жылдамдығымен екі қорғаушыдан сытылып барып, қақпа маңайында жүрген Уэлбекке әдемі пас тастады. Өз кезегінде Уэлбек те аспай-саспай өкшесінің сыртымен допты қақпа торына тоғыта салды. Есеп:3:2.

Ағылшындар өз тобында 4 ұпай жинап француздармен теңесті. Ендігі шешуші ойын украиндарға қарсы өтеді.

 


Сурет: evro-2012.org:live-cs.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

649 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 16 маусым 2012, 15:37
Пікірлер
+0
16 маусым 2012, 10:42

Ағылшындар жақсы ойнады..Уэлбек голды қалай соқты десеңізші

+0
16 маусым 2012, 11:27

негірлер мықты...ағылшындар жеңсе дұрыс болатын еді...оның үстіне ағылшындар болмаса, қазір футбол көріп отыратын ба едік

+0
17 маусым 2012, 13:50

Бәрібір жеңбейді соңында)

+0
17 маусым 2012, 23:53

солай сияқты...сөзіңнің жаны бар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...