Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Еуро-2012 / Украина - Франция (болжам)

Украина - Франция (болжам)

Украина - Франция (болжам)

Бүгін Еуро-2012 турнирінің екінші топтық кезеңінде Украина құрамасы мен Франция құрамасы кездеседі. Кездесу «Донбасс Арена» стадионында өтеді. Әлі команда құрамы толықтай белгілі емес. Бірақ, өткен жолғы ойыншылар құрамы шығатыны сөзсіз. Екі команда да турнирдің үздік командалары қатарында. Әсіресе, Франция құрамасы. Аталған команда сапында кілең жұлдыздар ойын көрсететінін ескерсек, онда ойынды жеке шеберліктің арқасында шешіп кетулері мүмкін. Ал Блохин баптаған Украина құрамасы Шева бастаған тәжірибелі ойыншылардың ойынына сүйенетін болады. Бір айта кетерлігі, өз жерінде өтіп жатқан турнир болғандықтан, жанкүйерлердің қарақұрым болатыны ескерсек, онда белгілі бір деңгейде Украина құрамасында да басымдылық болады. 

Ойындағы бас төреші - Бьорн Кейперс. Хорватия мен Ирландия арасындағы ойынға төрешілік еткен нидерландық өте тәжірибелі маман болып саналады. Екі команданың сапындағы ойыншылардан көз сүрінерлік. Мәселен, Франция сапында қорғаныста "Тотенхэм" командасының ойыншысы Вильям Галлас, "Манчестер Ситиде" ойнайтын Гаэль Клиши, "Арсенал" сапындағы Бакари Санья мен Лоран Косьельни және "Манчестер Энайтед" командасының футболшысы Патрис Эвра ойын көрсетеді. Бұған қоса Рибери, Бензема секілді шабуылдау шебіндегі ойыншыларды қосыңыз. Ендеше, бүгінгі ойын жай ойынның бірі емес.

Ал Украина құрамасының сапында мәскеулік "Динамо" командасының ойыншысы Андрей Воронин мен Шевченко бар. Артемды да бұл қатардан шығармаңыз. Көріп отырғандай бұл команданың да өз көзірлері бар. Кез келген сәтте ойын тағдырын шешіп кете алатынын Шева дәлелдеп берді. Оның үстіне жанкүйерлердің ыстық қолдауы командаға тың серпін мен жігер береп тұратыны анық. 

Мамандар тарапынан көпшілік жеңісті француздардікі деп теліп отыр. Бірақ, бұл Украина құрамасы жеңіліп қалады деген сөз емес. Қос команданы да топтық кезеңнен шығады деген сенім бар. Ойын алдындағы пресс-конференцияда екі жақтың бапкері де артық ауыз сөзге бармады. Бар болғаны, француздардың шабыт қысса қалай ойнайтыны айтылды. Сосын Шеваға айбар оралса, бұрынғы "Милан" сапында жасындай жарқылдаған Еуропаның ең үздік ойыншысын тоқтату қиынға соғатыны сөз етілді.

Одан кейінгі ойын Англия мен Швеция құрамасы арасында болады. Ойын 00:45-те Киев қаласында өтеді. 

Суреттер: football.sport-express.ru; xn---2012-gweu7er.xn--p1a

Дайындаған: Фараби Бақыт

1258 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 15 маусым 2012, 17:48
Пікірлер
+0
16 маусым 2012, 10:45

болжам мен сәуегейлік...жеңіс пен жеңіліс

+0
16 маусым 2012, 13:37

жаңбыр жауады деп ешкім болжамапты)

+0
16 маусым 2012, 13:42

жаңбыр ол табиғаттан, ойын ол футболшыдан....Жаңбырдың жауғанын болжаған дұрыс па, голдың соғылуын болжаған дұрыс па...сеніңше Украина неліктен жеңілді?

+0
18 маусым 2012, 09:31

жаңбырды болжау ойыннан гөрі оңай әрі мүмкін. Украинаны "биыл бағы жанбай қалғандардың" қатарына қоса салдым. Чемпионды өзімше болжап ем қателесппін (топтан да шыға алмады!), ендігі "ставканы" немістерге қоям. Бәстесетіндер болса айтсын)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...