Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Еуро-2012 / Италия мен Хорватия тең тарасты

Италия мен Хорватия тең тарасты

Италия мен Хорватия тең тарасты

Италия — Хорватия — 1:1.

Польша, Познань, «Мейски» стадионы.

Бас төреші: Ховард Уэбб (Англия).

Италия: Буффон — Бонуччи, Де Росси, Кьеллини — Маджио, Джаккерини, Мотта, Маркизио, Пирло — Кассано, Балотелли.
Бас бапкер: Чезаре Пранделли.

Хорватия: Плетикоса — Срна, Чорлука, Шильденфельд, Стринич — Вукоевич, Модрич, Ракитич, Перишич — Йелавич, Манджукич.
Бас бапкер: Славен Билич.

Еуропаның ең мықты екі командасы "Мейски" стадионының шаңын қақты. Нақтысын айтсақ, Италия құрамасы мен Хорватия құрамасы арасындағы ойын тең есеппен аяқталды. Бұл ойынды көрген де арманда, көрмеген де арманда еді. Оған дәлел ине шаншар орын қалмаған стадион, қарақұрым жанкүйерлер, атақты төреші, ең бастысы тартысты ойын және ойындағы есеп. 

Төреші Ховард Уэббтің ысқырығынан соң-ақ итальяндықтар қарсы қақпаға лап қойды. Алғашқы минуттардан-ақ Баллотели тәртіп бұзып, хорват ойыншысын жығып құлатты. Бірақ, қарап тұратын хорваттар ма,  оларда кезегі келгенде аянып қалмады. Айта кетерлігі ойынның өте жоғары жылдамдықта өткені. Бір орында тұрақтамаған доп біресе анау командадан, біресе мынау командадан табылып, сәт сайын жанкүйерлерді толқытумен болды.

Буффон, Бонуччи, де Росси, Кьеллини, Маджо, Маркизио, Пирло, Мотта, Джаккерини, Балотелли, Кассано секілді ойыншылардың ойын өрнегін ала шыққан Чезаре Пранделли қай жолғыдай 3-5-2 жүйесін қолайлы көріпті. Ал хорваттар болса Плетикоса, Срна, Чорлука, Шилденфельд, Стринич, Перишич, Вукоевич, Модрич, Ракитич, Елавич, Манджукич секілді шебер ойыншылардың ойынына сүйенді.

Сонымен ойындағы есепті 39-минутта Андреа Пирло ашты. Кәнігі ойыншы айып добын өз кезегінде шебер орындай білді. Қақпашы да дер кезінде бағамдай алмай айналып келген допты жіберіп алды. Бұл жерде қақпашыға кінә тағуға болмайды. Себебі, бұған дейін Плетикоса қаншама мәрте қорғап келген-ді. 

Итальяндықтар аспай-саспай екінші ойын бөлігін өткізді. Қорғаушылары тас қамалдай келген доптың бәрін кері қайтарып жатты. Бірақ, доп домалақ дегендей хорваттардың жолы қашанғы болмасын. Қысқасы, сондай сәт орын алды. 42-минутта Марио Манджукич ойламаған жерден есепті теңестіріп  кете бар-ды. Сол жақтан басқа келген пасқа бірінші жетіп, қақпашыға мүмкіндік қалдырмай допты қақпа торына тоғыта салды. 

Одан кейін екі жақтың алма-кезек шабуылы ойынды одан бетер шиеленістіре түсті. Алайда, енді гол соғудың сәті келмеді. Ойынның 90-минутында Пирлоға екінші мәрте айып добын орындауға мүмкіндік туған. Бірақ, бұл жолы Пирло мүлт кетті. 

Көпшіліктің көңілінен шыққан бұл ойын тең аяқталды демесеңіз, басқасын алғанда өте жоғары деңгейде өткен ойындардың бірі болып чемпионат тарихының беттерінде үлкен әріппен жазылары сөзсіз.

Суреттер:sport-express.ua

Дайындаған: Фараби Бақыт



853 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 15 маусым 2012, 00:23
Пікірлер
+0
15 маусым 2012, 02:40

Хорватия молодец!!!

+0
15 маусым 2012, 09:11

Екі ел де жақсы ойын көрсетті.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...