Ойын алдындағы төбелес

Ойын алдындағы төбелес

"Тойдың болғанынан боладысы қызық"- дегендей, кеше Ресей мен Польша арасында ойын өтті. Бәрімізге белгілі ойын тең есеппен аяқталды. Сонысы дұрыс та болған шығар. Әйтпесе, футбол тойы басталмай жатып-ақ, басбұзарлық орын алған болатын. Бір команданың ұтып кетуі екінші команда жанкүйерлерінің жынына тимей қойсын ба? 

Абырой болғанда, өлім-жітімсіз аяқталды. 56 қылмыстық іс қозғалып, 7 адам жеңіл жарақат алды. Күәгерлердің сөзіне қарағанда, Ресей жанкүйерлері Ресей күнін тойлап жүрген. Екі аралықта күзетте жүрген милиция қызметкерлері босаңсып кетсе керек, ортада поляктар мен орыстар ұмар-жұмар төбелесе кеткен. Дер кезінде әскери жауынгерлер шақырылып, қызуқанды жанкүйерлерді құрықтап, бәрін бірдей тәртіпке шақырған.

Одан бұрын, Польшаның премьер-министрі Дональд Туск поляк жанкүйерлеріне осы атаулы күнді бірге тойлаңдар деген болатын. Себебі, осы күні Кеңес үкіметі құлап, көптеген елдер бостандық алып, өз алдына мемлекет болған-ды. Енді міне, екі ағайынның жастары бір-біріне өкпелеп, кінәні өздерінен алып қашуда. Орыстар болса, бәрін поляктардан көріп отыр. Тып-тыныш кетіп бара жатқан топқа бөрідей тиген өздері дейді. Ал поляктар болса, орыс жұртының қызғаншақтығына саяды. Еуропа чемпионатының осы елде болып жатқанын орыстар көре алмағандықтан, жаман атты қылу үшін біздерді арандатып отыр дейді.

Бәрін айт та бірін айт. Ресей мен поляктардың енді ойнай қоюуы екіталай. Ойын болмай жатып төбелескен жанкүйерлер Варшавада өткен ойыннан соң, үйді-үйлеріне тарасып кетіпті. Кім кімге өкпелесін, Дзагоев пен Блащиковскидің бір-бір голынан соң, сабырға келсе керек.

Сурет: euromag.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига