Экстрасенстер шайқасы

Экстрасенстер шайқасы

Еуропаның хайуанаттар бағында "Экстрасенстер шайқасы" атты жаңа маусым ашылып жатыр. Енді жануарлар Пауль сегізаяғы жасаған ерлікті қайталауға тырысады. 

Харьков.  Фред атты күзен қала атынан шығып отыр. 

Алушта. Жергілікті Павлик тарихтағы екінші сегізаяқ-көріпкел атағын алуға тырысады. Ол бұған дейін екі ойынды болжаған. "Барселона" мен "Шахтер" арасындағы ойында кім жеңіске жететінін дәл тапса, келесі «Манчестер Юнайтед» - «Барселона» арасындағы ойында қателескен. 

Киев. Украина астанасында ойын нәтижесін Фунтик есімді қабан болжайтын болады. 

Краков. Фунтик ең үлкен балгер емес. Польшада Читта атты пілдің сәуегейлігі бойынша, бүгінгі болар ойында гректер жеңіледі екен.

Ходенхаген. Бұл маусымда пілдер сәнге айналып отыр. Мәселен, Германияда балгерлікпен Нелли атты ұрғашы піл айналыспақ. Оның болжамы бойынша, немістер Португалия құрамасына қарсы ойында жеңіске жететін көрінеді.

Ал кезінде Пауль сегізаяғы жай ғана тамақ салынған екі қораптың бірін таңдай салып еді ғой...

Суреттер: sovsport.ru; foto.comments.ua; sport.segodnya.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбеков

Л. Лига