Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / ҰБТ 2014 / ҰБТ. Бір апта қалғанда өзіңе-өзің демалыс жарияла!

ҰБТ. Бір апта қалғанда өзіңе-өзің демалыс жарияла!

ҰБТ. Бір апта қалғанда өзіңе-өзің демалыс жарияла!

Құрметті мектеп бітіруші түлектер, енді аз күнде сіздер он бір жылдық білімнің қорытындысын көрсетіп, Ұлттық Бірыңғай Тест тапсырасыздар. Сіздердің осы бір сынақтың алдында күн сайын артып жүрген үрейлеріңіз бен қорқыныштарыңыз бізге жат емес. Болашаққа жол бастайтын сынақтан кімнің болса да сағы сынбай өткісі келеді. Осы мақсатта күні-түні бас алмай дайындалып, үміттен үрейдің салмағын ауырлатып жүрген сынақ тапсырушы оқушыларға арнап осы жазбаны бастап отырмыз. Біз сіздерге қолымыздан келгенше миды демалдырып, тынығу жолдарын айтқымыз келеді.

Неге сонша қорқа бересіз? Егер сіз білімді болсаңыз, онда сіздің біліміңізді бір де бір қорқыныш жеңбеуі керек. ҰБТ-да келетін сұрақтардың бәрі де сіздің он бір жылдық жиған-тергеніңіз бойынша қойылады. Оның үстіне, сіз осы жылы сол мектеп бағдарламасындағы біраз тақырыпты қайта қайталап шықтыңыз. Ендеше, неден үрейленесіз? Бастысы – өзіңіздің білгеніңізге және түйгеніңізге сеніңіз! Басыңызды көтеріңіз!

ҰБТ тапсыратын күнге бір апта қалғанда, дайындықтың бәрін тоқтатыңыз. Әрине, бір апта оқығаныңыздың бір жерде болмаса, бір жерде көмектесуі мүмкін. Бірақ осы дайындық та жетеді!

ҰБТ-ға бір апта қалғанда немен айналысу керек? Осы уақытқа дейін біліміңізді тиянақтап алсаңыз, енді өзіңізді өзіңіз психологиялық тұрғыда дайындайтын уақыт келді.

  • Киноға барып, соны достарыңызбен отырып талқылаңыз. Сіз осы уақытқа дейін тек ҰБТ туралы әңгімеден жалыққан шығарсыз?
  • Көкке шығып, жиі серуен құрыңыз.Табиғат адамның миын демалдырып, көңілінің сарайын ашады. Тек жалғыз жүрудің қажеті шамалы. Өйткені адам жалғыз қалғанда сан түрлі ойға шомады. Жаныңда көңіліңізді алдандырып, жан-жақтан әңгіме айтып жүретін бір серігіңіздің болғаны жөн.

Өзен бойына немесе сарқырамаға барып қайтсаңыз да, артықтық етпейді. Өйткені ағын суға қарап отырып, іштегі артық ойды да дәл сол судай ағызып тастауға болады.

  • Дауыстап өлең оқыңыз немесе ән айтыңыз. Тек жақсы нәрсені ойлауға кедергі келтіретін іштегі керексіз дүниеден құтылудың бір жолы – айқайлап алу. Өзіңіз оңаша қалғанда сүйікті ақыныңыздың шығармасын дауыс шығара оқып алыңыз.

Болмаса бір пьесадағы адамдарды өзіңізше рөлге бөліп оқыңыз. Бұл мүмкін сізге бір күлкілі көрініс болып көрінетін шығар. Бірақ, оның мидың тынығуына әсері ауыз толтырып айтарлықтай көп.

  • Туыстарыңызбен бас қосып, солардың той-жиынына қатысыңыз. Көптен көрмеген туыстарыңызбен кездессеңіз, әңгімеңіздің оңай аяқталмасын білеміз. Сондықтан уақытыңыздың аз бөлігін болса да, туыстарыңызбен сұхбатқа жұмсаңыз.
  • Бұрын соңды жеп көрмеген тағамнан ауыз тиіңіз. Ия, мұның да пайдасы көп. Әрине, «Бір аптадан кейін ҰБТ» деген іштегі «ұлы» қорқыныш сіздің тәбетіңіздің бетін баяғыда-ақ қайтарып жіберген болар. Бірақ сіз мұндайда ешқандай да дәмді тағамнан бас тартпаңыз. Жиі-жиі жүрек жалғау арқылы күн сайын әліңізді арттырғаныңыз дұрыс.
  • Шамаңыз келгенше вертуалды әлемге уақытша болса да, «хош» дей тұрыңыз. Өйткені ондағы түрлі артық ақпарат сіздің онсыз да бос орын қалмаған басыңызды астан-кестен етеді.

Интернетке алдағы өткелден өтіп, жаныңыз жеңілдеп, «ух» дегенде ғана бас сұғыңыз.

  • Қолыңызға фотоаппарат алып, жан-жағыңызды суретке түсіріңіз. Бұл да сізге кем көңіл-күй сыйламайды. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: mail.ru

3034 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 15 мамыр 2013, 16:42
Пікірлер
+0
15 мамыр 2013, 17:07

соңғы күнге дейін бір қалыптан ауытқымай, барлық сұрақтың жауабын тағы бір қарап шығып, тас түйін дайын жүр

+0
15 мамыр 2013, 18:52

Туыстарыңызбен бас қосып, солардың той-жиынына қатысыңыз. Көптен көрмеген туыстарыңызбен кездессеңіз, әңгімеңіздің оңай аяқталмасын білеміз. Сондықтан уақытыңыздың аз бөлігін болса да, туыстарыңызбен сұхбатқа жұмсаңыз. иә, туысқан болсын, дос-таныс болсын бәрінің айтатыны сол бір әңгіме - "ҰБТ-ға дайындық қалай? қорықпайсың ба?" :( онсыз да жыл бойы мұғалімдердің айтатын сөздері - "Мынау ТЕСТТІҢ сұрағы!" осындай сөздерді ести берген соң ешкімді көргің келмей кетеді... жақсы нәрсе ойлауға тырысамыз әрине. бірақ қыдырып, демалып жүрсек те миға сіңіп қалған "Маған бір минуттың өзі қымбат. уақыт кетірмей ҰБТ-ға дайындалу қажет " деген сөздерді біреу құлағыңның дәл түбінде айтып тұрғандай көрінеді..

+0
16 мамыр 2013, 11:42

расымен демалған жақсы, а то шатасып мазаң кетеді екен

+0
18 мамыр 2013, 21:08

Уақыт та жақындады, Рахмет

+0
28 мамыр 2013, 20:42

Жақсы кеңес екен. Рахмет массагет!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...