Анар Мұстафина: "Массагет қалай құрылды?"

Анар Мұстафина: "Массагет қалай құрылды?"

Массагеттің негізін қалаған ұжымның құрамында еңбек еткен Анар Мұстафина Массагет қалай құрылғанына жауап береді. 

Massaget.kz сайтында азды-көпті 3 жыл қызмет істеппін. Мен үшін өте берекелі жұмыс орны болды десем, артық айтпаспын. Дәл осы жұмыс орнымның қабырғасында болашақ жарымды кездестіріп, отау құрдым, Құдай сәтін салып сәбилі болдым. Қыз баланың басты бақыты мен мақсаты да осы емес пе? Сондықтан, Massaget.kz осы тұрғыдан жолымды ашып берді десек болады (күліп).

Массагет құрылмастан бұрын сайтқа жұмысқа орналастым. Біз алғашқы ұжым сайттың сызбасын сызып, контент жасауды бастап кеттік. 

Ал жалпы сайтта істеген жылдарымда әрдайым өзімнің қазаққа пайдалы іс атқарып жатқанымды естен шығармадым. Қандайда бір мақала жазсам да, оқып отырған адамға пайдасы тисе екен деген мақсатта жаздым. Сонымен қатар, өзім де сол арқылы көптеген мәлімет алдым. Сайтымыз осы тұрғыдан көптеген еңбек атқарды деп ойлаймын. Қазірдің өзінде іздеу сайттарынан қазақша мәлімет іздесеңіз сайтымыз, бірінші болып ақпарат береді. Қаншама жастарымыздың білімді болуына, болашағын айқындап, көзі ашық, көкірегі ояу болуына қызмет етіп жатырмыз. Бұл үлкен сауапты іс деп ойлаймын.

Сайтымыздың жақында дизайны ауысып, оған қоса тың жобалар пайда болды. Мұның өзі алға қарқынды дамып жатқанымыздың айғағы. Осы қарқында қарыштап дами берсе екен деген тілегім бар.

Сурет: Анар Мұстафинаның жеке мұрағатынан

Н. Нұрмаханұлы