Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Бізге 1 жыл! / Исраил Сапарбай, ақын: "Өнер адамы рухани аштықта болуы керек"

Исраил Сапарбай, ақын: "Өнер адамы рухани аштықта болуы керек"

Исраил Сапарбай, ақын:

Исраил ағадан сұхбат алу керек дегенде ол кісіні көбіне театрдан табамын ғой дейтінмін. Солай болып шықты. «Сыған серенадасы» қойылымын көріп, ағыл да тегіл жылап шыққан әсердің үстімен сол Шәмшінің махаббаты, зары жайлы жағдай туралы залға қайта кіріп сырласа алдық. Исраил ағамыз ақсақал жасына жетсе де, тың көрінді. Поэзияда да, драматургияда да, ән сөзін жазу өнерінде де халық жадында мәңгіге сақталып қалмақ атқа ие тұлғамен Әуезов драма театры залында сұхбаттасудың реті түсті.

- Халық біледі, «Сыған серенадасы» 10 жыл бұрын тұсаукесерін жасап, қазақ драматургиясының шедевріне айналды. Кешегі қойылым мен бүгінгі қойылымның ерекшелігі не? Әсеріңіз қалай?

- Ай мен күнді санамағанымыз жақсы. Халыққа қаншалықты керек туынды екенін бір Алла біледі. Шығармашылық тұрғысынан алғанда бізде екі түрлі ғұмыр бар. Жалған дүние мен арман дүние. Бұл жалған дүние пенделік ғұмыр. Ал енді нағыз ғұмыр ол автордың жазып кеткен мұрасы. Бүгін де көргеніңіздей, Шәмші ағамыз дүниеден өткеніне қанша жыл болса да аты асқақ, әндері құлақтан кетпейді. Жақында менің бұл пьесамды ұйғыр театры қойыпты. Олардың айтуы бойынша, бұл киноға сұранып тұрған дүние екен. Кейде ойлайсың, қазақ халқы өз қазанында өзі қайнап, бірбеткей жүре береді. Ал бізде Абайдан бұрынғы, Абайдан кейінгі сал-серілер мен ақындарымыз болған. Олардың әрқайсысын да сахнаға алып келсе болады. Оларды анда-санда есімізге алып қойсақ біз еске алудан дәстүрінен ары аса алмаймыз. Тегінде, "Қазақфильм" режисерлері қолдарынан келмесе оқып жатқан жастарға беруі керек секілді. Мәселен, интеллектуалды адам Микеланджело, Паганини, Ван Гог, Моцарт, Штраус жайында оқиды, көреді. Шетелде осы атақтылардың барлығына да арнап жеке-жеке фильм түсірілген. Сондықтан біз де еліміздің атақты адамдары туралы фильмдер түсіріп, сахнаға шығаруымыз керек.

- Поэзияға өтсек, жастар поэзиясы жайлы мазалап жүрген сұрағым бар еді. Оның деңгейіне аға-ақындар жауапкершілікпен қарауы тиіс пе?

- Мектептегі балаға жауапкершілікті сынып жетекшісі алады. Поэзиядағы жауапкершілікті айтар болсақ, жастар да, үлкендер де бір-бірінің жауапкершілігін арқалай алмайды. Себебі әр ақын өзіне деген жауапкершілігі болса, өресі биік өлең жазады. Ақынның өзіне деген қатал әрі сыни көзқарасы арқылы жас буын тәрбие алады, шабытын шыңдайды. Жалпы біздің жас буын, орта буын, аға буын деген сөз бұл жас шамасына қарай топтап бөлген кездегі шартты түрде айтылуы ғана. Жалпы поэзия ол – біреу. Бұдан кейінгі есіме түскені, біз "әйел ақын" немесе "ер ақын" деген деп те бөлуімізге болмайды. Егер шын ниетімен, дарынымен, еңбегімен жауапкершілікті алып жүре алса, онда ол да менен кіші немесе нашарлау ақын деген сөз емес. Жас ақындардың ішінде жақсы жазатындары көбейіп келеді. Олардың отты жырына таңғалған кезімде орнымнан атып тұрып, маңдайын сүйіп, бата беремін. «Қазақ әдебиеті» газетінде Ерлан Жүніс пен Тоқтарәлі Таңжарық жұмыс жасаған кезде мен қуанғанмын. Қазір басқа жақта жұмыс істейді екен... Екеуі де. Олар әзірге белгілі болмайды, ал кейін олар қазақ поэзиясынының шоқтығы биік ақындарына айналады... Манандай қызық әңгіме арқылы жауап берейін, Ван Гог, әлемге аты әйгілі суретші аштықтан өлген адам. Ал өзінің тірі кезінде мойындалмаған ол 200 жылдан кейін елді таңдандырды. Бір кезде аш-жалаңаш көшеде келе жатыпты. Көшедегі ит оны «адам ғой, жеуге келетін бірдемесі бар шығар» деп ойлап, құйрығын бұлғаңдатып келсе, әлгі келе жатқан жігіт құлағын тіле кесіп жіберіп, итке тастап кете берген екен. Міне, осындай бір мысалды мен жастардың әдебиеттегі шығармашылық пен өмірдегі тіршіліктің майданында қолданғым келеді. Ван Гогтың ұлылығын қараңыз, ол өзінің ит емес, адам екенін көрсетті. Бұл жерде үлкен пәлсапа бар.

- Бүгінгі поэзияның жағдайы қалай? Біреу бұрыс дейді, біреулер дұрыс дейді дегендей, жаңашыл қазақ поэзиясының лебі байқалмай ма? Жаңашылдық пен дәстүр қаншалықты таразыланады?

- Жастардың лебі бар. Мен жоғары оқу орындарына ат басын тіреген кезімде балалар өлеңдерін оқиды. Ішінен тәуір, дайын дүниелерді көп көретіндіктен ылғи да болашаққа сеніммен қараймын. Ал поэзиядан басқа, құдай ән беріп отырса, сахналауға арналған детальдар беріп отырса, неге жазбасқа? Шығармашылық адамы көбіне аш құрсақ болып жүргені дұрыс-ау деп ойлаймын. Себебі тойып жеп, толыққан адам өз ортасы мен айналасын ұнатып, соған тәуба деуге дейін келеді. Өнер адамына бірдеңе жетпеуі керек, рухани аш болуы керек деген ойдамын. Мұндай нарықтық заманда өнер адамында жағдай болмайды. Болмағаны қайта жақсы. Қазір мәселен, «Қазығұрт» баспасында менің 5 томдық еңбегім жатыр. Онда өлеңдер, пьесалар, публицистикалар жиналған. Бұл еңбекті толық шығару үшін қыруар қаржы керек. Ал соның ішінде менің ең басты үміт күтіп отырған дүнием «Бір тамшы көздің жасындай» атты еңбек. Ол 15 жылдан бері жазылып келе жатыр. Бұл Абайдың қара сөздерінің формасы негізінде жазылған философиялық ойлар. Пушкин заманындағы Чадаевты білеміз ғой, міне, соның философиялық трактаттарына да ұқсайтынын айтып өтейін.

- Ән өлеңіне көшсек, оның қазіргі жағдайына қандай баға берер едіңіз?

- Мен қысқа да нұсқа сөйлейін, бұрын көркемдік кеңес өтетін. Онда сөзіне, әніне, өзара байланысына қарайтын. Қазір ондай жоқ. Сондықтан да қазіргі таңдағы 100 әннің ішінен зорға дегенде 10 ғана әнді айтуға келетін ән деп таңдап беремін. Тыңдарманның талғамынан айрылып бара жатқан да сияқтымыз. Ұятсыз әншілер қаптап кеткен заман болды ғой бұл. Айтпасқа болмады, «Живой голос» деп орысша жазылса неге оны біз «Жанды дауыс» деп тікелей аударма жасаймыз? Мүмкін «Шынайы ән» шығар? Міне, осындай жағдайлардың өзі көңіл-күйді түсіретіні бар...

- Әңгімеңізге үлкен рақмет!

Әңгімелескен: Ардақ Құлтай

5278 10
Рейтинг: +11

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 14 желтоқсан 2012, 11:51
Пікірлер
+0
14 желтоқсан 2012, 12:56

"Сыған серенадасын" әлі көрген жоқпын. Барудың бір сәті түспей қойды соған. Ал Исраил ағаның драматургиядағы еңбектерін бағалаймын. Тек "Қыз мұңы" біз күткендай шықпады. Сұхбат жақсы шығыпты.

+0
14 желтоқсан 2012, 13:06

сұхбат тамаша шығыпты. Ағамыздан ағынына жарылған бір әңгімесі болыпты ғой. Шынында да, өнер адамына аш құрсақ болып жүрген дұрыс сияқты...

+0
14 желтоқсан 2012, 13:08

"Бір кезде аш-жалаңаш көшеде келе жатыпты. Көшедегі ит оны «адам ғой, жеуге келетін бірдемесі бар шығар» деп ойлап, құйрығын бұлғаңдатып келсе, әлгі келе жатқан жігіт құлағын тіле кесіп жіберіп, итке тастап кете берген екен." Сұмдық қой мынау. Керемет

+0
14 желтоқсан 2012, 13:29

Керемет сұхбат!

+0
14 желтоқсан 2012, 14:38

Өнер адамының әңгімесі ерекше ғой

+0
14 желтоқсан 2012, 14:45

Сухбат жақсы шыққан. Поэзия жайлы жақсы айтыпты. Шын мәнінде ақынды ер немесе әйел деп бөлудің қажеті жоқ. Мен Ирсраил ағаның "Құйрығыңды қыс ап қыңсылайсың, КІмге налып, кімдердер күн сұрайсын" деген өлеңінен кермет жігер алғанмын. Сосын "Мен қазақ қыздарына қайран қалам" деген өлеңін ылғы да (дауысым жоқ болса да) ыңылдап айтып жүремін

+0
14 желтоқсан 2012, 15:54

Ақын ата көп дүниені тура айтыпты. Сұхбат тамаша!

+0
14 желтоқсан 2012, 21:53

Акын агамыздын мурасы болашагы зор кайталанбас туынды болашак жастарга калдырары коп

+0
15 желтоқсан 2012, 12:14

осы кiсiнiн бiр олендери бар "Улкендер ангимесинде" окылатын

+0
14 қаңтар 2013, 16:46

жаксы сухбат құрыпты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...