Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Бізге 1 жыл! / Сұңқар Болатұлы: «Массагет Тенгриньюстың жетістігін қайталайды»

Сұңқар Болатұлы: «Массагет Тенгриньюстың жетістігін қайталайды»

Сұңқар Болатұлы: «Массагет Тенгриньюстың жетістігін қайталайды»

Қарабалин Сұңқар Болатұлы - Effective Media Liaison ЖШС-нің директоры. 

- Құрметті, Сұңқар Болатұлы! Ең бірінші кезекте Tengrinews.kz-тің Award сыйлығын алуымен құттықтаймын. Айналдырған 2-3 жылдың ішінде бұл сайт еліміздегі ең беделді сайттар қатарына енді. Құпияңызбен бөліссеңіз...

- Рақмет. Бірінші құпия сайттың жақсы топпен құрылғандығында. Екінші құпия – осы жобамызбен керекті уақытта  керекті кезінде бола алғанымыз дер едім. Себебі жақында ғана 2 жылдығын тойлаған порталдың мақсат-бағыттары дұрыс анықталған болатын. Сол құпиялардың ішіндегі ең бастысы – біздің сайттың тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн жұмыс жасайтынымыз деп ойлаймын. Сайт 2010 жылы 15 қарашада алғашқы ақпаратын берген еді. Қазіргі таңда бізбен тең түрде бәсекелесе алатын сайттар баршылық десек те, біз ақпаратты жылдам жеткізе алатындығымызбен ерекшеленеміз. Осы еңбек арқылы екі жыл бойы Award премиясының бас жүлдесін алып келдік. Ал ең үлкен табысымыз – біз он жылдықтың үздік сайт болғанымыз.

- Award сыйлығы қандай критерийлер арқылы таңдады? Қалай ойлайсыз?

- Меніңше, бұл сұраққа Award сыйлығын берген ұжым жауап беруі керек секілді. Біз, расында, сыйлық алу үшін жұмыс жасамадық. Тек өзіміздің қолдан келетін істі жүзеге асырып отырдық. Мақсат халыққа қызмет жасау болатын. Сыйлық беретін ұйымның қазылар алқасымен ешқандай да байланысымыз жоқ. Тіпті қандай критерийлер бойынша сайысқанымызды да білмедік. Біз тек қатысушы ретінде тіркелген болатынбыз.

- Tengrinews.kz-тің өткені мен келешегі туралы айтсаңыз.

- Басында Tengrinews.kz конвергентті редакция ретінде құрылды. Конвергентті редакцияның журналистері тек қана мәтін жазып қоймай, сонымен қатар ол оқиға орнына барып, видеоға да түсіре алатын, жаңалықтың аудионұсқасын да жасай алатын мүмкіндігі бар. Былайша айтқанда, әмбебап журналист қызмет жасайды. Бұл арқылы біз еліміздегі және шетелдегі барлық жаңалықтарға мониторинг жүргізіп отыра алатын жағдайға жеттік. Біз шынында көшіріп басуға қарсымыз. Ал өз кезегінде ақпарат таратуды да барынша обьективті етуге тырысамыз. Бұл қасиет біздің қалыптасқан аудиториямызға ұнайды.

- Tengrinews.kz-тің қанша оқырманы бар?

- Бізде 50 000 тұрақты оқырманымыз қалыптасса, ал көрілуі жағынан күніне 100 мыңға жететінін айта кетейін. Бұл нәтиже арқылы біз Қазақстандағы үздік сайттар ондығына сөзсіз кіреміз. Ал ақпараттық БАҚ ішінде алдыңғы үштіктеміз.

- Келешекте қандай мақсаттар бар?

- Әрине, жеткен жетістігімізбен тоқтамаймыз. Аз дегенде қазіргі позицияда қалу болса, ал дамудың басты бағыты – сайтымыз барынша ыңғайлы әрі тез болса дейміз. Бізде қазір мобильдік нұсқалар арқылы пайдалану мүмкіндігі бар. Мүмкіндігінше көптеген гаджеттерді қолдана отырып, ойды жүзеге асыру.

- Тауар белгілеріңіз неліктен жасыл жолақ? Мұны қалай ойлап тапқан едіңіздер?

- ТN белгісі айтпаса да түсінікті. Ал жасыл түс барынша қарапайым, әрі психикаға жақсы әсер етеді деп ойлаймыз. Тауар белгімізді Еуроодақта патенттедік. Ендігі кезекте ТМД елдерінде патенттеп алу жолдарын қарастырып жатырмыз. Себебі Tengrinews.kz брендке айналады деп сенемін.

- Massaget.kz-ке қандай баға бересіз?

- Massaget.kz қазақ тілді сайттардың ішінде таяу уақытта өзгеден көш ілгері дамитынына және Tengrinews.kz-тің жетістігін қайталайды деп сенемін. Себебі жастардың қазақ тіліндегі сайты ретінде осы ақпарат құралы арқылы тіл дамуына үлес қосылады деп ойлаймын.

- Рақмет!

Әңгімелескен: Ардақ Құлтай

4546 11
Рейтинг: +13

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 15 желтоқсан 2012, 20:03
Пікірлер
+0
15 желтоқсан 2012, 11:36

Тілегіңізге үлкен рақмет, Сұңқар Болатұлы!

+0
15 желтоқсан 2012, 12:14

Айтқаныңыз келсін!

+0
15 желтоқсан 2012, 12:19

құтты болсын! Жақсы сұхбат

+0
15 желтоқсан 2012, 12:22

Tengrinews.kz брендке айналып та қойды деп ойлаймын, шынымен шығар? :roll:

+0
15 желтоқсан 2012, 12:26

Айтқаныңыз келсін, аға! Рахмет!!!

+0
15 желтоқсан 2012, 12:27

Сұңқар Болатұлы керемет кісі гой. Өткенде бірге футбол ойнадық. Жақсы ойнайды екен. Тілегіне де көөөөп рахмет

+0
15 желтоқсан 2012, 12:34

Үлкен рақмет, аға! Сіздердің жолдарыңызды берсін! :)

+0
15 желтоқсан 2012, 14:23

Жақсы адамнан жылы сөздер естігенге не жетсін)

+0
15 желтоқсан 2012, 23:04

Массагет енді ашылғанда көп ағаларымыз "Тенгриньюстің жолын берсін массагетке" деп тілек айтып еді. Шүкір, тенгриден қалып бара жатқан біз жоқ, келешекте, тіпті, озып кетуге ниеттіміз))))) Ал ақ тілектер қабыл болсын!

+0
16 желтоқсан 2012, 01:32

Тенгриньюстың әр мүшесі ерекше. ;)

+0
19 желтоқсан 2012, 09:08

Айтқаныңыз келсін!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...