Серік Жанболат: "Массагет сайты көш бастаса екен"

Серік Жанболат: "Массагет сайты көш бастаса екен"

«Алаш айнасы» республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газеті

Айлық таралымы - 200 мың данадан астам. Көлемі - сегіз бет. Мұқабасы түрлі-түсті безендіріліп, күнделікті шығатын республикадағы тұңғыш басылым. Әзірше Алматы, Астана және Шымкент қалаларында басылады. Газеттің көздегені - ақпаратты объективті бағалай отырып, оқырманның рухани сұранысын тың әдіс-тәсілдермен, ерекше көзқараспен қанағаттандыру. Бүгінгі нарықтық экономика мен құбылмалы ой-пікірлер заманында нақты істер мен ұсыныстарды талап ететін қоғам үшін өзекті уәж айта алатын адамдардан «Дат!» сұхбаты алынады. «Ой-көкпар» айдарында күннің екіұдай көзқарасы тартысқа түседі. «Білгім келген бір сұрақ» - қарапайым оқырманның білгісі келгеніне жауап. «Алашты алаңдатқан сауал» - көп қазақты толғантатын мәселеге қатысты қоғам мүшелерінің пікірін біліп, тығырықтан шығар жол іздеу. «Алаш баласы, айнаңа қара!» - газеттің ұраны. Қазірдің өзінде бұл газет күллі алаштың көңілінен шығып отыр.

Жетістіктері:

2009 жыл

- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі газетті «жыл жаңалығы» деп тапты

- ҚР Журналистер одағының Рахымбай Ханалы атындағы сыйлығы газеттің фототілшісі Нұрғиса Елеубековке бұйырды

2010 жыл

 - «Интерфакс-Қазақстан» баспасөз орталығы өткізген байқауда «ең белсенді БАҚ» аталымы бойынша жеңімпаз атанды

- «Алаш» тарихи-этнологиялық ғылыми зерттеулер орталығы өткізген байқауда «Ұлттық сана және ұлттық намыс» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды

2011 жыл

- газеттің бас редакторы Серікбек Жанболат ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысхатымен марапатталды

- газеттің бас редакторына «Тіл жанашыры» құрметті белгісі табыс етілді

- газеттің бас редакторына «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне - 20 жыл» мерекелік медалі табыс етілді

- газеттің спорт бөлімінің редакторы Нұрғазы Сасаевқа «ең үздік спорт журналисі» атағы берілді

- газеттің өркениет бөлімінің тілшісі Мария Әбсаттарова «Елорда жастары» қоғамдық қоры және «Нұр Астана» республикалық жастар апталығы бірлесіп ұйымдастырған жас журналистер мен жас карикатурашылар байқауында бірінші орынды иеленді

2012 жыл

- газет ҚР Президентінің алғысхатымен марапатталды

- газет Астана күнін мерекелеу аясында өткен байқауда «ең үздік бұқаралық ақпарат құралы» деп танылды

- газеттің бір топ журналисі ҚР Журналистер одағының сыйлықтарымен марапатталды

Дайындаған: Ардақ Құлтай

А. Құлтай