Массагет, cаған тілерім! (Өлең)

Массагет, cаған тілерім! (Өлең)

1 жасқа толғалы отырған портал мерекесіне орай!

Сайттардың ішіндегі сүйкімдісі,

Сүйкімдінің ішінде сыйқырлысы.

Бәрінен оза шауып тұрған сайттың,

Әріге жете бермек сыйқыр-күші!

 

Болсын деумен әрқашан бағың үстем,

Танымал боп тұра бер анық іспен.

Қолдасын әр қазақтың жасы сені,

Болмасын бір бойында сағыныш кем.

 

Тыныштықты бұзумен құрсаулаған,

Пікірлер қалсын деумен мың сандаған.

Бүгінгі бұл жастардың бірлігі үшін,

Саған разы болар-ау мың сан бабам.

 

Тұра бергін сананы жарық қылып,

Бір бойынан табылсын барлық қылық.

Тілектерден тілекке жете бергін,

Жүрек-төрден орынды алып тұрып.

Фараби Бақыт

сурет:astronavigator.blogspot.com

Л. Лига