Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Бізге 1 жыл! / Қайнар Бәзілжанұлы: «Анамның ыңылдап айтқан әніне құлақ түретінмін»

Қайнар Бәзілжанұлы: «Анамның ыңылдап айтқан әніне құлақ түретінмін»

Қайнар Бәзілжанұлы: «Анамның ыңылдап айтқан әніне құлақ түретінмін»

Қайнар Бәзілжанұлы - жас әнші, сазгер. Оның "Бүлдірген тістеп туған қыз" атты тұңғыш ән таспасы жақында ғана жарық көрді. Қазақ эстрадасына жаңадан келіп қосылып жатқан өнерпаз Қытай халық республикасында 2007 жылы құрылған "Гәкку" тобының әншісі. Топ репертуарында 30-ға таяу ән бар. Жас буын әншілерінің өзіндік бағыты, жаңашылдығы бар. Айтар сөзге тыңдар құлақ болсын деп, сұхбат алуды жөн көрдік.

- Қайнар, өзіңіз білесіз, қазіргі заманда әнші көп. Өзіңізге тән қандай жаңалықпен сахнаға келдіңіз? Қай бағытта ән айтасыз, стиліңіз қандай?

- Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының Дәстүрлі ән мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Негізгі бағытым – дәстүр мен эстрадалық стильді ұштастыру. Ұлтымыз қазақы, қоңыр әуенге жақын халық. Сол себепті де, қазақи нақыштағы ән орындап жүрмін. Даусым көбіне лирикалық әндерге, махаббат, сезім, сағыныш секілді тақырыптағы әндерге түседі. Білім алып жатқан ортада Абзал Қуаныш, Ерлан Рысқали, Рамазан Стамғазиев сияқты ұстаздарым бар. Осы кісілердің жетекшілігінде орындаушылық өнерімді дамытып жатырмын.

- Орындауыңыздағы әндердің әуені мен сөзін кімге жаздырасыз?

- Негізі өзім сазгерлікпен айналысамын. Мұқағали Мақатаев, Исраил Сапарбай сияқты үлкен ақындардың сөзіне жазылған әндерім бар. Одан кейін Қытай елінде сценарист, ақын-жазушы, аудармашы Әлімжан Қатпаевтың сөзіне жазылған «Қараңғы», «Біле ме екен» деген әндерім қазақ елінде орындалып үлгерді. Репертуарымдағы әндерімнің сөзін көбіне туған ағам, қазақ поэзиясында өзінің жалынды жырларымен танылып келе жатқан Думан Бәзілжанға жаздыртамын. Мәселен, «Бүлдірген тістеп туған қыз», «Ғашық жүрек», «Мен түсімде сізді көрдім, апашым», «Астана аруы» секілді 20-ға таяу әнімді орындап жүрмін. Басты жаңалығым – Қытай елінде жақында «Бүлдірген тістеп туған қыз» атты алғашқы аудио-жинағым шықты. Ол 13 әннен тұрады. Дискілер елімізде де сатылымға шығады.

- Сазгерлік өнер деп қалдыңыз. Бұл өнер сізге кімнен дарыды? Әке-шешеңіз, ауыл-аймақ туралы әңгіме қозғасаңыз.

- ҚХР, Іле қазақ автономиялы облысының Шілөзек ауылында 1988 жылы дүниеге келгенмін. Қарапайым отбасында тәрбие алдым. Әкем мұғалім, шешем үйде. Отбасымызбен өнерге жақынбыз. Бала кезімнен анамның ыңылдап айтқан әніне құлақ түретінмін. Жанымда жатталып қалған әуездерге ерте бастан-ақ ғашық болдым. Әйтеуір, айтқанымнан қайтпайтын сотқар бала болыппын. Сол қырсықтау мінезім шығар, мақсатыма жетудің бірден-бір себепкері де осы. Сазгерлік туралы айтар болсам, өзімді бір керемет сазгермін деп айтпасам да, әндерімді тыңдарман қауым өзі бағалар. Талаппен ер көгермей ме, талабымыз таудай, халық талғамынан шығатын әсем дүние сыйлай алсақ, соның өзі мен үшін үлкен жетістік.

- Жас әнші деген сөз жоқ. Қазір жасы да, кәрісі де әнші делінетін қоғамда ерекшеленіп шығу үшін не керек деп ойлайсыз?

- Кез келген адам әнші бола алмайды. Шынында да, оқу бітіре салып, басқа мамандыққа ауысқандар да аз емес. Өз басым өнер жолын ауыр жол деп білемін. Немістің атақты ақыны Гете «Өнердің ұлылығын музыкадан байқауға болады» депті. Егер ән өнердің биігі болса, онда әнші болуға, сөзсіз, дарын керек. Алланың адам бойына беретін тамшыдай таланты болса өнер қақпасының кілті осы биікке көтерілудің бірден бір шарты. Ал бұдан басқа қазіргі қоғамда әнші болып, ән жаздырып, сахнаға көтерілу үшін де қаржы мәселесі, жарнама, продюсерлік қызмет секілді дүниелерге келіп тіреледі. Сондықтан да, әншілік жолды оңай әрі оны сіз айтқан «жас әншілер» алып жүре алады деп айта алмас едім. Әншілік өте ауыр әрі жауапкершілігі басым жол.

"Гәкку" тобының орындауында "Жаңаарқа" әні

- Қандай әншілерді тыңдайсыз?

- Расын айтсам, шетел әндерін тыңдамаймын. Жаныма жақын қазақи нақыштағы, қоңыр әуезді әндерді тыңдаймын. Дәстүрлі әннен Қайрат Байбосынов, Бекболат Тілеуханов, Рамазан Стамғазиев, эстрадада Тоқтар Серіков, Мейрамбек Беспаев ағаларымыз, Алтынай Жорабаева, Ақбота Керімбекова секілді әншілерді құлаққаптан тастамаймын.

- Айтпақшы, Қытай елінде «Гәкку» тобының әншісі екеніңізді ұмытып барамыз. Қазір топтың жағдайы қалай?

- Топ 2007 жылы құрылған. «Гәкку» тобы Қытай еліндегі «Жаңа әуен» продюсерлік орталығында жұмыс жасады. Қытай еліне танымал эстрада жұлдызы, сазгер Ахметжан Рәбжанның «Мәңгілік көктем» кешінде алғаш рет халықпен жүздестік. Онда «Әкешім» әнін орындаған едік. Топта үш жігітпіз: Санат Тұрсынбақыт, Бақыткелді Мұқаш және мен. Топтағы репертуарымызда ән жетерлік, бұған дейін «Жаңаарқа», «Басқа жыл» ән жинақтарын шығардық. Халық бірден қабыл көріп, жақсы бағалады, содан 2011 жылдың желтоқсанында Қазақстанның Халық әртісі Майра Ильясованың «Жаңа жыл – жыр кеші» концертінде Мұқағали Мақатаевтың сөзіне өзім жазған «Басқа жыл» әнімен осы топ қазақ елінде алғаш рет сахнаға шықты. Қазіргі уақытта топпен де және жеке де шығармашылықпен айналысып жатырмын.

- Рақмет!

Әңгімелескен: Ардақ Құлтай

Сурет: Жеке мұрағат

1847 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 12 желтоқсан 2012, 17:58
Пікірлер
+0
12 желтоқсан 2012, 09:12

Бейтаныс әнші екен. Алдағы күндері тек сәттіліктер мен шығармашылық табыстарға толы болсын!

+0
12 желтоқсан 2012, 09:30

мен де жақсы танымайды екенмін)

+0
12 желтоқсан 2012, 09:43

Мен танымайды екем мына кісіні :oops:

+0
12 желтоқсан 2012, 10:28

Дауысы керемет екен, шығармашылық табыс тілеймін!

+0
12 желтоқсан 2012, 12:57

Бұл кісі әрі сазгер, әрі әнші. Қазақтың ән өнерін келешекте едәуір биіктететініне кәміл сенемін!

+0
12 желтоқсан 2012, 13:08

Нағыз талант иесі! Болмыс-бітімі адамды еріксіз тартады да тұрады. Әлемі әрі сәтті сұхбат болыпты :idea:

+0
12 желтоқсан 2012, 13:53

Шығармашылығыңыз дами берсін, Қайнар аға! Әніңіз тамаша! Шыққан дискіңіз құтты болсын! Жақсылықтар тілейімін!

+0
12 желтоқсан 2012, 13:55

Теледидардан көрген сияқтымын. Сәттілік тілеймін!

+0
12 желтоқсан 2012, 20:16

О О О Кайнар! досым! Дискің кутты болсын! саған шығармашылық табыстар тілеймын! алатын асуың көп болсын!

+0
12 желтоқсан 2012, 21:56

Сазгерлігі тіптен тамаша бұл жігіттің. шынымен де болашақта қазақ өнерін аспандататын азаматтардың біріне айналатынына сенімдімін. Алла ақ жол берсін, бауырым.

+0
12 желтоқсан 2012, 22:45

ән жинағыңыз құтты босын. анау айтқан анініз тіпті тамаша екен. жұлдызыңыз биіктен жансын.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...