Массагет блогшылар конкурсын жариялайды

Массагет блогшылар конкурсын жариялайды

Құрметті массагеттіктер! Үздік мерекелік блог сайысының басталғандығы туралы хабардар етеміз.

Алда сүйікті сайтымыздың туған күні келе жатқаны белгілі. Осы орайда порталымызға арнап ерекше мерекелік блог жазған қолданушыға ерекше сыйлығымыздың болатындығынан хабардар етеміз. Осынау игі шарадан тыс қалмаңыздар.

Қазақстанның қай елді мекенінде тұрсаңыз да, сыйлықтан құр қалмайсыз.

Сайысқа қатысу ережесі:

Блогыңызды жазып дайындап болған соң, оны арнайы ашылған "конкурс" айдарына сақтайсыз. Осылайша сіз автоматты түрде бәйгенің қатысушысы атанасыз.

ва

Сайысқа қатысушы блогтарды арнайы "Конкурс" бөлімінен оқып қарауларыңызға болады.

ва

Дауыс беру ережесі:

Оқырмандар әрбір блогқа лайк және дислайк батырмалары арқылы дауыс бере алады. Редакция таңдауы да ескерілетіндігін айта кетелік.

Сайыс желтоқсанның 13-іне дейін жалғасады. Нәтиже желтоқсанның 14-і күні жарияланады.

Жеңімпаздарға арнайы сыйлығымыз бар!

Олай болса, іске сәт! Өз таңбаңызды қалдырыңыз!

сурет: uinny.ru

Б. Қосмағамбет