9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын

9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын
Фото: Playcast.ru

Бүгін – Жеңіс күні. Ажал мен азапқа толы жылдар қатпарлы тарих бетінде қалды. Тарих мәңгі, бейбіт өмір үшін біз жаужүрек батырларымызға тәу етеміз. 

1941 – 1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына елімізден 1,5 млн қазақстандық аттанды. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 23 бірлестік, 50 шақты полк мен батальон қатысты. Отандастарымыз Мәскеу, Ленинград, Украина, Беларусь, Балтық маңы мен Молдованы қорғау үшін шайқасып, Берлинге дейін жетті. 

Жеңіс күні еліміздің әр өңірі үлкен рухпен ұйымдастыратын мерекелік шаралар Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

Massaget.kz жастар порталы Қазақ елін Ұлы жеңіс күнімен құттықтайды. Біз ерлігі ешқашан өшпейтін боздақ батырларымызды мақтан етеміз, тылда еңбек еткен абзал аналарымыздан үлгі аламыз.  

М. Оңғарова