Майдангер Мәншүктің туған күні #2

Майдангер Мәншүктің туған күні #2
Фото: massaget.kz

БАСЫ

– Мен пулеметші болғым келеді...

Бұл сөзді естіген комсомолдар адам батыр болып тумайды, егер өз күшін басқара білсе, бәріне де қол жеткізуге болады дегенді ұқты. Ішкі толқынысы бұлқыныспен ұштасып, қаһарман қыз қолына пулемет алды.

Ол ерінбей-жалықпай суық қару қолдануды меңгерді. Ол кез келген қиындыққа төтеп беруге даяр еді. Бөлімшеде пулеметті бес саусағындай білетін Мәншүктен асқан адам болмады, басқалар оның қалай қолданатынын байқайды, байқайды да бастарын шайқады.

Жаумен бетпе-бет кездесетін көптен күткен уақыт жетті. Алғашқы жаудырған оқ нысанаға емес, жаудың ату орнына тигенде Мәншүк: «Жарайсың, «Максим» деп шаттана айқайлады. Бұл жеңістің алғашқы үні еді.

Суық күз келді. Біздің бөлімше жауды жапа тармағай таптап, тек алға жылжуға талпынды. Соларды бастап жүргендердің бірі – комсомол Мәншүк Мәметова.

Немістер бірнеше рет қоянқолтық ұрысқа шықты. Пулеметтің әр оғы оларды жер жастандырды. Мәншүк қор болған Жер-Ананың, көз жасы көл болған Украина мен Белорус қыздардың, қан қақсаған туған жердің кегін қайтарды. Қайсар жүрегіндегі кектің орны қуанышпен толды.

Мәншүк боратқан оқтан неміс минометтері талқандала берді. Мина ұшқыны Мәншүктің басына тиіп, көзі қарауытып кетті. Бетін жып-жылы қан жуып, нәзік денесі отқа үйітілген шөпке сұлай берді.

Немістер тағы да бетпе-бет шайқасқа шықты. Пулеметші қыз кқөзін ашқанда қарсы алдынан жасыл мундирді көрді. Сонда «максимнен» тағы бір кезекті от шашырады. Басқалары кейін секіріп қашты.

Мәншүк соңғы жігерін жинап, міндетін орындады. Миномет оғы аспанға атылды. Қолынан пулеметін босатпаған күйі көз жұмған қазақ қызын бәрі көрді.

1944 жылы 1 наурызда ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақ елі аяулы Мәншүгін ешқашан ұмытпақ емес. Барлық адам Оһоның жарқын бейнесінің алдында бас иіп, ардақты атын бойтұмардай мойнына арқалап жүретін болады.

Кіші лейтенант Асқар Закарин

«Вперед на врага» майдандық газеті

1944, 9 наурыз

@. @assel_assanova