Гриш: «Ұрпақты патриот етіп тәрбиелейміз»

Гриш: «Ұрпақты патриот етіп тәрбиелейміз»
Фото: 900igr.ne

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Втулкин Михаил Георгиевич 1913 жылы туған. Алматы қаласынан 1941 жылы тамызда соғысқа шақырылады. Қысқамерзімді офцерлік курсқа қатысып, 1941 жылы 7 қарашада шеруге шығып, сол жерден майданға аттанады. Мәскеу түбіндегі шайқасқа, Польшаны азат етуге қатысады. 1946 жылы Балтық теңізінде «ормандық бауырларымен» жүргенде соғыс аяқталады.

Гирш Леонид Юзефович 1924 жылы 10 ақпанда Украинадаға Кировоград қаласында туған. 1941 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін қызылармия қатарында Оңтүстік Батыс майданына қатысады. Украина, Чехословакия, Польша, Праганы азат етуге атсалысады.

ҰОС-тың бірінші, екінші дәределі орденімен, «Қызыл Жұлдыз» орденімен екі мәрте, «Ерлігі үшін», «Қаһармандық қызметі үшін» медальдарымен, одан өзге де 30 медальмен марапатталады. Сонымен бірге Польша, Чехословакия, Румыния, Украина, Моңғолия мемлекеттік марапаттарына да ие болады.

1959 жылдан бастап өмірінің көп бөлігін Қазақстанда, Алматы қаласында өткізеді. Өз өмірін осы қаламен байланыстыратындықтан, Отаным – Қазақстан деп санайды. Алматы қаласы және Алматы облысының шекаралық қызметінде полковник болды.

«Қазір  соғыстағы жылдарымды еске аламын. Жеңіске жеткен ұрпақтың қатарына жатамын. Қазір бейбітшілік орнады, біздің Қазақстанымыз гүлденіп келеді. Бастысы, жастарымыз өз тағдырының таңғажайып суретшісі болуы керек. Тәуелсіз кезеңде көздегеніңе көсіліп жетесің. Тек тыныш тіршілікке жеткізген аталарын ұмытпай, жиі еске алып отыруы керек. Қазақстанда оқимын десең де, жұмыс істемйн десең де, бар жағдай жасалған. Жеңіс әперіп кеткен аталарының ұрпағы деген атақты абыроймен алып жүруі үшін белсенді болып, өз өмірін бағдарлай білуі тиіс. Ал біз елбасымыздың тілеуін тілеп, ұрпағымызды отансүйгіш етіп тәрбиелеуге барымызды саламыз», - дейді Л.Ю.Гриш

@. @assel_assanova