Соғысқа аттанып, хабарсыз кеткендер

Соғысқа аттанып, хабарсыз кеткендер
Фото: bigpicture.ru

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Исақов Ескелді 1908 жылы туған. 1943 жылы 22 ақпанда 217-ші гвардиялық атқыштар полкі, қатардағы 80-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы, қызыл әскер гвардиясы қатарына әскерге шақырылады. 1943 жылы 22 тамызда Курск доғасында қайтыс болады. Украинада Сумы облысы, Ахтырка ауданында жерленген. Әскерге дейін Қырғыз ССР Кутургинде гидролог және метеоролог іссапарда болды.

Жансейітов Сабыр (1912-1944) соғыста қаза тапқан. Мемориалда ол туралы ешқандай дерек жоқ.

Қазиев Ихсан Иманғалиұлы 1893 жылы Батыс Қазақстан облысы, Камен ауданында  туған. Қатардағы жауынгер болған. Соғысқа аттанғаннан кейін хабар-ошарсыз кеткен. 1943 жылы қазан айында өмірден өткені белгілі болған.

Қапыланбеков Әбілхамит (1915-1973) – ҰОС ардагері. Соғысқа аттанған соң туыстары еш хабар ала алмаған.

@. @assel_assanova