Неміс тарихшысының қаламына іліккен қазақ жауынгері

Неміс тарихшысының қаламына іліккен қазақ жауынгері
Фото: www.azattyq.org

Біздің атамыз Шайхитдинов Құсайын Әкімгереевичтің кезінде ел тарихындағы қарама-қайшылықтар өзара шатысып жатты. Ол дала ақсүйегінің ұлы болды. Көршілері оны балалар үйіне тапсырып, жәбірден құтқарып қалды. «Офицерлер» фильмінің кейіпкері секілді болды. 1939 жылы Ақмола, әртүрлі гарнизондарда борыш өтеді. 1941 жылы БКБ(п) қатарына кірді.

«Бронь» ала отырып, өзін майданға жіберуін сұрап үш рет өтініші жазды. 1941 жылы 6 қарашадан 7 қарашаға қараған түні 387-ші атқыштар дивизиясы құрамындағы 1275-ші атқыштар полкіне майдан қатарына қосылды. 1941 жылы 7-27 желтоқсанда 460 км жерді жаулап алды. Түн ішінде қырық градустық аязда қарға көмілген жол үстінде шайқасуға тура келді. Әскери тарихшы П.С.Белан: «1275-ші атқыштар полкінің командирі, кіші лейтенант Ерін мен мен капитан Шайхитдинов алғашқы шайқаста батыл да сенімді түрде ұрысты» деп жазады. Атамыз 1941 жылы 29 желтоқсанда қайтыс болды. Әжеміз Гүлбахрам Шайхитдинова ол кезде небары 27 жаста болған екен. Ол «жерлеуші» болмай, «хабарсыз кеткендерді іздеуші» болды. Ол өзінің аз ғұмырын ерінің жолын тосумен өткізді. Неміс тарихшысы Пауль Карель қазақ және сібір дивизиялары жөнінде: «Олар тікесінен тік тұрып соғысты. Ешқашан дүрбелең жасамады, тұрған жерінен жеңіссіз бір қадам да шегінбейтін. Олар өлді де, өлтірді де» деп жазды.

Менің атам Шайхитдинов Абай Құсайынович Мәскеуге дүркін-дүркін барып тұрды. Бірақ тек 2009 жылы ғана Астана қаласындағы Мемлекеттік мұрағат ҰОС-дан бірнеше құжат жинақталған мұрағат жіберді. Осыдан атамыз қалай және қашан қайтыс болғанын білдік.

Құралай Талапкерова

@. @assel_assanova