Зейнеп Ахметова батыр ұлдың мұрасын ұрпаққа аманат етті

Зейнеп Ахметова батыр ұлдың мұрасын ұрпаққа аманат етті
Фото: massaget.kz

Ол тағдыр – қазақтың текті ұлының тағдыры. Батыр ұл қан майданда жаумен қисапсыз тірескенде жүрегі әсте шайлығып көрмеген. Ел басына күн туғанда елін, жерін қорғап, тағдырын шүберекке түйіп, тас шайнап, құм бүркіп, өмірдің қызыл жалынына күйіп, жан алысып, жан беріскен. Оның қайтпас қайсар мінезі мен ерлігі мәңгілік жадымызда сақталады. Салт-дәстүр насихатшысы Зейнеп Ахметова Massaget.kz порталына халқымыздың біртуар қаһарман ұлы, Кеңес Одағының Батыры, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлына 1990 жылы 11 желтоқсанда Кеңес Үкіметінің басшысы Горбачев жарлыққа қол қойып, Батыр атағы қалай берілгені туралы айтып берді. 

Қ. Бүйенбай