Қазақстанда Жеңістің 70 жылдығына арналған пошта маркалары шықты

Қазақстанда Жеңістің 70 жылдығына арналған пошта маркалары шықты
Фото: "Қазпошта"

Қазақстанда Жеңістің 70 жылдығына арналған пошта маркалары шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, үш маркадан тұратын пошталық блок жасалған. "Естелік және мерейтойлық даталар" сериясындағы әрбір марканың құны - 200 тенге. Маркаларда Рақымжан Қошқарбаев (Халық Қаһарманы), Мәншүк Мәметова (Кеңес Одағының Батыры), Иван Панфилов (Кеңес Одағының Батыры) бейнеленген.

"Марка офсеттік тәсілмен 4 түрлі бояумен салынған, блок өлшемі - 78 х 108 миллиметр, маркалардың өлшемі - 26 х 36 миллиметр. Таралымы - 15 мың дана. Дизайнер - суретші Қуат Ыбырайшин", - делінген хабарламада.

М. Бисембаева