Астанада Нұрсұлтан Назарбаев Иван Панфиловтың ескерткішін ашты

Астанада Нұрсұлтан Назарбаев Иван Панфиловтың ескерткішін ашты
Фото: tn.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Иван Панфиловтың ескерткішін ашты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 7 мамырда елордадағы Момышұлы мен Жұмабаев көшелерінің қиылысында орналасқан "Жерұйық" саябағында Иван Панфиловқа арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. 

Тарихи тұлғаға арналған ескерткіш қала саябағының қақ ортасында орналасқан. Оның оң жағында 28 панфиловшының есімдері жазылған стела бар. Осы саябақта генерал Иван Васильевич Панфиловқа арналған аллея да орналасқан.

Астанадағы Иван Панфиловтың ескерткішінің ашылуына оның немерелері Айгүл және Алуа Байқадамовалар келді.

М. Бисембаева