Алматылықтар Отан қорғаушылар күнін атап өтті

Алматылықтар Отан қорғаушылар күнін атап өтті
Фото: tn.kz

Алматыдағы 28 панфиловшы атындағы саябақта Отан қорғаушылар күні тойланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саябаққа мыңнан астам адам келді. "Мәңгілік алау" мемориалының маңында шатыр тігіп, сол жерге ҰОС-тың 200 ардагері жиналды. Салтанатты шараны Алматы әкімі Ахметжан Есімов ашты.

"Бүгін мемлекеттік керемет мереке. 1992 жылы дәл осы күні еліміздің Президенті, бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұллтық қарулы күштерді құру туралы заңға қол қойды. Отанды қорғау елге деген махабатты, патриотизмді талап етеді. (...) Біз қолына қару алып мемлекетімізді қорғап жүргендер мен қарулы күштер ардагерлеріне құрметпен қараймыз. Отан қорғаушылар күні және Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін", - деді Есімов.

Есімов сөйлеп болған соң үлкен экраннан Астанадағы Жеңістің 70 жылдығына орай өтіп жатқан шеру көрсетілді.

М. Бисембаева