Астанада Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парад өтті

Астанада Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парад өтті
Фото: tn.kz

Астанада Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парад өтті. Қорғаныс министрлігі бұл парадты ҚР тарихындағы ең ірі парад деп атады.

Салтанатты шарада ҚР мемлекеттік Туы мен осыдан 70 жыл бұрын Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатовтың Рейхстагқа тіккен туының көшірмесі - Жеңістің қызыл Нышаны жеке-жеке көрсетілді. Шерудегі әскери техникаларды Т-72Б танкі бастап шықты. 

Осыған дейін елімізде әскери шерулер 2005, 2009, 2011 және 2014 жылдары өтті. Былтыр салтанатты шараға жоғары әскери оқу орындарынан 2 600 сарбаз, 217 әскери техника мен 73 әуе техникасы қатысты.

 

М. Бисембаева