9 мамыр. Талай тұтқынды аяусыз азаптаған неміс концлагері

9 мамыр. Талай тұтқынды аяусыз азаптаған неміс концлагері
Фото: upload.wikimedia.org

Соғыс жалдарында жұмыс істеп, талай тұтқынды аяусыз азаптаған неміс лагерлерінің бірі – Норвегияның Грини қаласында орналасқан Грини концлагері. Лагерьдің бағынған мекемесі Осло қаласында жасақталған Зипо (неміс полиция бөлімі) болатын. Грини концлагері 1941 жылдың 12 маусымы мен 1945 жылдың 8 мамырына дейін 4 жылдай жұмыс жасады. Бұл Норвегияда құрылған алғашқы концлагерь болатын.

Концлагерь 1941 жылы 12 маусымда Осло қаласының оңтүстік-шығыс жағында құрылды. 1940 жылы тұрғызылған әйелдер түрмесінің ғимаратында орын тепті. Алғашқы тұтқындары Онебю қаласынан ауыстырылған 115 тұтқын болатын. 4 жылдың ішінде барлығы 19 247 тұтқын лагерь азаптауынан өткен. Мұнда 6000-нан астам норвегиялық тұтқын болған, одан бөлек өзге де мемлекеттің өкілдері – саяси, қоғамдық қайраткерлер, шіркеу қызметкерлері, спортшылар, ғалым ағартушылар, сонымен қатар қылмыстық іспен ұсталған тұтқындар (алаяқтар, ұрылар) да болған.

1942 ж. 5 қараша – 1944 ж. 23 қыркүйек  аралығында өлім жазасына кесілгендер мен каторгаға жұмысқа жегілгендерге арналған арнайы бөлім жұмыс істеді. Бұл бөлімше өз кезегінде үлкен орын-жайға орналасып, «Парашют» (норв. Fallskjermen) деген атау алды. Каторгаға жұмысқа жегілгендер 2 айдан кейін Германияға аттандырылып отырды. 1944 жылы 23 қыркүйекте «Парашют» концлагерьдің әйелдерге арналған бөліміне ауысты да тұтқындар «Haft» деп аталатын Грини изоляторына көшірілді.

Соғыс біткеннен кейін концлагерь түрме ведомствасына беріліп, 1951 жылға дейін отанына сатқындық жасағандарды ұстаған Илебу түрмесі жұмыс істеді. Қазіргі уақытта мұнда 130 адамға шақталған Ила түрмесі жұмыс атқарады.

Грини концлагері бірнеше бөлімдердің орталығы болған. Алғашқы бөлімшелер 1941 жылдың жазында-ақ құрылып үлгерді. Олардың көбі Эстланн қаласында болды, сонымен қатар Тренделаг (Фаннрем), Нур-Норг (Квенанген, Бардуфосс) елді-мекендерінде де құрыла бастады. Соңғы бөлімшесі 1945 жылы 13 наурызда Момеркен иппотромында ашылған.

Фаннремдегі лагерь Грини концлагерінің бір бөлімшесі ретінде қаланды. 1944 жылы қазанда ашылып соғыс аяқталғанша жұмыс жасады. 1945 жылдың 23 қыркүйегіне дейін 203 тұтқын қамауда болды. Олар әрбір бөлмеде 6-20 адамнан болған әскери казармада тұрды. Оркдаль темір жолын жасауға жұмысқа жіберілді. Тұтқындарды шабуылдаушы отряд күзетті. Фаннремдегі тәртіп алғашқы уақыттарда өте қатал болды. Тұтқындар толықтай изоляцияда ұтсалды және ауыр жұмыстарға аяусыз жегілді. Тамақ өте аз берілді. 1944 жылы желтоқсан айында ғана тұтқындар жергілікті тұрғындармен байланысуға мүмкіндік алды.

Бордуфосс лагері 1944 жылы наурыздың басында 400 тұтқын ауыстырылып әкелген соң құрылды. 300 құл Гриниден көшірілген болса, қалғандары Фальстад мекенінен құрықталды. Барлығы 800 адам азапталды. Лагерь соғыс аяқталғанша жұмыс істеді. Лагерьдің тұтқындары 12-13 сағат жергілікті аэродромға жұмысқа айдалды, есесіне, аз ғана тамақ берілді.

Гринидің солтүстік бөлімшесі Солтүстік Тромс аймағындағы Квенангенде орналасты және оның өзі екі лагерьден тұрды – Вейдаль және Баддерен. Лагерьді жасақтар алдында 1942 жылы тамыз айында Гриниден тұтқындар көшіріп әкелінсе, Фальстадтан еврей тұтқындар тобы әкелінді. Олардың жалпы саны 400 адамды құрады. Мұндағы құлдар тас жолды жағалай қоршауға тиіс 6 километрлік қар бөгетін салуға жұмылдырылды. Тромсе мекенінде орналасқан Қызыл Крест қоғамы тұтқындарды тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етіп тұрды. Сонымен бірге тұтқындар өздерінің туыстарынан керек-жарақтар алып тұрды. 1942 жылы 11 қарашада тұтқындар өздерінің келген мекендеріне аттандырылды.  

Ұқсас жазбалар:

Саласпилс еңбек лагері туралы

9 мамыр. Собибор өлім лагері туралы білесіз бе?

Е. Жұмабайұлы