Астанада генерал Панфиловтың ескерткіші ашылады

Астанада генерал Панфиловтың ескерткіші ашылады
Фото: tn.kz

Астанадағы генерал Иван Васильевич Панфиловқа арналған ескерткіш толық салынып бітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тарихи тұлғаға арналған ескерткіш қала саябағының қақ ортасында орналасқан. Оның оң жағында 28 панфиловшының есімдері жазылған стела бар. Осы саябақта генерал Иван Васильевич Панфиловқа арналған аллея да орналасқан.

7 мамырда Мемлекет басшысы мемориалдар кешенінің ашылу салтанатына қатысады. Осы күні Астанада Елбасының қатысуымен әскери парад өтеді.

Бір жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Астанада Панфилов ескерткішін ашу туралы тапсырма берді.

"Астана әкіміне Жеңістің 70 жылдығына орай елорданың жаңа көшелерінің біріне жерлесіміз, генерал Иван Панфиловтың ескерткішін орнатуды тапсырамын", - деді Президент.

 

М. Бисембаева