Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 9 МАМЫР 2012 / 9 мамыр. Алматы - Одақтың кино фабрикасы

9 мамыр. Алматы - Одақтың кино фабрикасы

9 мамыр. Алматы - Одақтың кино фабрикасы

Соғыс жылдарында Кеңес Одағында жарық көрген фильмдердің 80%-ы Алматы қаласында түсірілгендігі туралы біреу білсе, біреу білмейді. 

Расында да, 1942 жылдың көктемі мен 1945 жыл аралығында Алматыны Одақтың орталық кино фабрикасы болды ма дерсіздер. Соғыс алаңынан алыста орналасқандығы мен техникалық жабдықталуының көңіл көншітерліктей деңгейде болғандығы басшылықты Қазақстанға еліктірсе керек.

Осылайша, 1942 жылы "Мосфильм" мен "Ленфильм" киностудиясының ұжымы толығымен Алматыға көшіп келді. Қонақтарға қазақстандық тарап көп дайындалып, ерекше ілтипатпен күтіп алды. Одаққа танылып, атағы жер жарған танымал режисерлар мен актерлер Алматыға қоныстанып, мойындарына жүктелген міндетті орындауға бірден кірісіп кетті. Қала көшелерінен сол кезеңдерде танымал Пудовкин, Роом, Эрмлер, Столпер, Рошаль, Эйзенштейн секілді тұлғаларды көруге болатын еді.

Соғыс жылдарында Алматы қаласында “Ханшайымның қорғанысы”, “Машенька”, “Әуе тасымалдаушысы”, “Актриса”, “Райком секретарі”, “Біздің қаланың жігіті”, “Котовский” секілді картиналар түсірілді.

ва

"Біздің қаланың жігіті" фильмінен көрініс. Режисерлер: Александр СтолперБорис Иванов

Көпшіліктің көңілінен шығып, өте сәтті деп танылған картина "Қаһарлы Иван" фильмі туралы да айтып өтелік. Естеліктер бойынша, қысқы пейзаждардың түсірілімі қала маңындағы ауылдық мекендерде өткен. Салт атты адамдар мен күнге шағылысқан семсерлерге тәнті болған жергілікті тұрғындардың әсері әлі күнге дейін айтылып келеді.

1944 жылдың 26 шілдесінде режисер Эйзенштейн денсаулығына байланысты Мәскеуге қайтып кетпегенде, осы қарқынды жұмыс жалғаса берер ме еді...

Шын дағдарыс соғыс аяқталғаннан кейін басталды. Барлық актерлар мен режисер, сценаристер Мәскеу мен Ленинград бағытында үйлеріне беттесті. Қазақ кинематографиясы да дағдарып тұра берді. Соғыс аяқталған соң, тоғыз жылдың ішінде бар-жоғы 4 фильм түсірілді. 

в

"Қазақфильм" киностудиясы, 2011 жыл

Ақыры не керек, 60 жылдары кино айдынына жас буын Шәкен Аймановтар келді. Қазақ киносының қайта жанданып, тірілуі осы кезбен байланыстырылады.

Алматыдағы соғыс жылдарында түсірілген фильмдер халық жүрегіне жігер сеуіп, өмір сүруге, Отан қорғауға деген құлшынысты арттырғаны анық. 

сурет: myfoto.kz, tv.akado.ru, film.ru

2371 0
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 09 мамыр 2012, 12:51
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...