9 мамыр. Мерекелік фильмдер. Мәншүк туралы жыр

9 мамыр. Мерекелік фильмдер. Мәншүк туралы жыр

Мерекелік фильмдер сериясын жалғастырамыз.

Біз ұсынатын келесі фильм - "Мәншүк туралы жыр" (Песнь о Маншук).

Қазақтың біртуар батыр қызы Мәншүк туралы оқырмандарға әңгімелеп берген болатынбыз. Естеріңізде болса, оның Калинин фронтындағы 21-ші мергендер дивизиясында пулеметші болғанын айтып едік. Сонымен қатар, Кеңес Одағының батыры атанған алғашқы ару екендігінен де хабардарсыздар. 1942 жылдан бастап, Қызыл Армияда қызмет еткен ол ерекше батылдығымен, отансүйгіштігімен көзге түсті. 

"Қазақфильм" киностудиясы түсірген картинада осы біртуар перзентіміздің соғыс алаңындағы бір күні бейнеленген. Фашистік танкілермен бетпе-бет келген Мәншүк пен жолдастарының абыройлы өлімі көрсетіледі. Мәншүктің рөлін танымал актриса Наталья Орынбасарова сомдайды. 

Фильм 1970 жылы Кеңес армиясының саяси басқармасының бас жүлдесімен марапатталды. Ал 1972 жылы А.П.Довженко атындағы күміс медальмен фильмнің режисері  Мәжит Бегалин мен актриса Наталья Орынбасарова марапатталды. 

вап

"Мәншүк туралы жыр" фильмінен көрініс

Кино 1969 жылы режисер Мәжит Бегалиннің басшылығымен түсірілгендігін қайталап айтып өтелік. Сценарий авторы - Андрей Кончаловский. Картина "Қазақ киносының алтын коллекциясының" құрамына енді.

Фильм ұзақтығы: 78 минут

Актерлар: Иван Дмитриев, Никита Михалков, Наталья Орынбасарова, Виктор Авдюшко, Нұржұман Ықтымбаев, Олеся Иванова, Кәукен Кенжетаев, Иван Рыжов, Юрий Саранцев, Фарида Шәріпова. 

Фильмді толығымен мына жерден көруге болады: МӘНШҮК ТУРАЛЫ ЖЫР

Фильмді жүктеу үшін мына жерді басыңыз: МӘНШҮК ТУРАЛЫ ЖЫР (ЖҮКТЕУ)

суретттер: spacecadetbck.in, liveinternet.ru,