9 мамыр. Соғыс туралы қанатты сөздер

9 мамыр. Соғыс туралы қанатты сөздер

Қай-қай соғыстың да қара халықты тұралатып кететінін тарих дәлелдеген. 9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында, тұғырлы тұлғалардың соғыс туралы айтқан қанатты сөздерін ұсынамыз. 

  • Адамдарды үйретпей соғысқа аттандыру - оларды сатып кету деген сөз. Конфуций
  • Бізге Үшінші дүниежүзілік соғыс керек емес. Капитализм, коммунизм мен туризмнің өздері-ақ жетіп жатыр. Оливер Хассенкамп
  • Не адамзат соғысты құртады, не соғыс адамзатты құртады. Джон Кеннеди
  • Бізге соғыс деген - өлім дейді. Жоқ, соғыс - өз-өзін өлтіру. Рамсей Макдоналд
  • Басқа істерге сүйресең де бармайтын еркектер бір еркекті өлтіруге келгенде, жұдырықтай жұмылады. Сьюзен Гласпелл
  • Соғыс деген шын мәнінде өрескел қателіктердің каталогіУинстон Черчилль
  • Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады. Бауыржан Момышұлы
  • Соғыс кезінде заңның үні өшеді. Марк Туллий Цицерон
  • Әскерден ең бірінші темірдей төзім талап етіледі; ерлік - екінші орындағы нәрсе. Наполеон I
  • Біздің әскерлер шын мәнінде не үшін соғысып жатқанымызды түсінсе, бірде-бір соғыс болмас еді.  Ұлы Фридрих 
  • Соғыстың ең алғашқы құрбаны - ақиқат. Джонсон Хайрам
  • Рухты генеалдың өлі денесінен артық ештеңе көтере алмайды. Джон Мастерс
  • Мен соғыстан жеңген бірде-бір халықтың байып кеткенін көрген жоқпын. Вольтер
  • Соғысты әскери адамдар бастамайды. Соғысты бастайтын - саясаткерлер. Генерал Уильям Уэстморланд
  • Соғыс соғысымен, ал түскі ас уақытында болуы керек. В. Путин
  • Есі дұрыс адам әлемге соғыс тілемесе керек. Бейбіт өмірде ұлы әкесін жерлесе, соғыста әкесі ұлын жерлейді. Геродот Галикарнасский
  • Қанша батыр болса да,
  • Жауға салма жалғызды. Ел аузынан
  • Соғысты көрмеген адамның соғыс туралы ләм деуге құқығы жоқ. Марлен Дитрих
  • Қажеті жоқ... Соғыстың қажеті жоқ! Дұрысы тірлік қылып, ізденейік. Шынайы даңқ - еңбекпен келген атақ. Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын. Ги де Мопассан

Сурет: kartinki24.ru

М. Оңғарова