Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 9 МАМЫР 2012 / 9 мамыр. 28 панфиловшы

9 мамыр. 28 панфиловшы

9 мамыр. 28 панфиловшы

Бұлт басып күңіренді,

Күзге қарсы ақ аспан.

Дабыл қағып ерлер жөнелді

Қару-жарақ белге асқан.

Кірпік қақпай алға аттай,

Бейне темір болаттай.

Қарсы тұрды жиырма сегіз ер,

Келсе де жау жер қаптай.

«Ала алмайсың, - деді батыр,

Дұшпанына, - еркімді.

Кең жерімді туған өрт салып,

Бұза алмайсың көркімді!»

Жолын бөгеп дұшпанның

Құрбан болды қайран ер,

Ер боп туған адал баласын,

Қойнына алды туған жер!

Сіз Рамазан Елебаевтың осы бір өлең жолдарын бұрын-соңды естіп көргенсіз бе? Олай болса, кімдер туралы әңгіме қозғайтынымызды да біліп отырған боларсыз. Иә, дұрыс таптыңыз! Аттары аңызға айналған - «28 панфиловшы»!

28 панфиловшы — Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық қаһарман жауынгерлер.

1941 жылы 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16 армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8 гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшының 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 21 шілдедегі Жарлығымен бұл жауынгерлердің барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Олардың есімдерін білу және көкке көтеріп, кеудені кернеген мақтанышпен айта білу сіз бен біздің парызымыз.  Олардың есімдері: Ананьев Николай, Безродный Григорий Михеевич, Белашов (Болатов) Николай Никанорович, Бондаренко Яков Александрович, Васильев Илларион Романович, Добробабин, Дутов Петр Данилович, Емцов Петр Кузьмич, Есеболатов Нарсүтбай (Нарсұлтан), Калейников Дмитрий Митрофанович, Клочков Василий Георгиевич, Крючков Абрам Иванович, Конкин Григорий, Қожабергенов Алиасқар, Қосаев Әлікбай (Әлмембай), Максимов Николай Гордеевич, Митин Гаврил Степанович, Митченко Никита Андреевич, Москаленко Иван Васильевич, Натаров Иван Моисеевич, Г.А Петренко , Сеңгірбаев Мұсабек, Тимофеев Дмитрий Фомич, Трофимов Николай Игнатьевич, Шадрин Иван Демидович, Шепетков Иван Алексеевич, Шемякин Григорий, Шопаков Душамгул.

Ержүрек ерлеріміздің ерліктеріне тағзым ету және өскелең ұрпаққа таныта білу мақсатында Алматы қаласында 28 панфиловшыға арналған ескерткіш орнатылған. Тіпті, ескерткіш орнатылған саябаққа жауынгерлердің есімі берілген.

Саябақ Даңқ мемориалымен және Мәңгі алауымен танымал. Ұлы ерлiк және даңқтың мемориалы, кеңес халқы жеңiсiне 30 жыл толу мерейтойы қарсаңына, 1975 жылдың 8 мамырында, Отанымыздың тәуелсіздігін, бостандығын, абыройын қорғағандарға арнап құрылған. Батырлардың есімімен аталатын мектеп, ауыл, аудан, көше, саябақтар да бар.

Сурет: amp96.ucoz.ru, paradpobedy.ru

7217 3
Рейтинг: +3

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 03 мамыр 2012, 20:16
Пікірлер
+0
04 мамыр 2012, 09:15

Ешкім, Ештеңе, Ешқашан ұмытылмайды!

+0
04 мамыр 2012, 12:47

парк ғашықтар қолустасып жүретін жерге айналды

+0
04 мамыр 2012, 14:59

Әлі барып көрмеппін паркке, осы мерекеде міндетті түрде барамын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...