9 мамыр. Жеңіс лентасы

9 мамыр. Жеңіс лентасы

Георгий лентасы –  жауынгер ерлігінің нышаны. Ол – жас ұрпақтың ата-баба рухына тағзым-тағылымы. Ол – өткен күндерді еске алу белгісі.

Аталған лентаның атауын "Георгий" деп айтқаннан гөрі "Гвардиялық" деп атағанымыз шындыққа жанасымды болар. Турасына көшкенде, Георгий лентасының түсі  – сары және қара түс, ал Гвардиялық лентанікі – қызғылт сары және қара.

Георгий лентасы XVII ғасырдың соңынан бастап жоғары әскери шеннің біріне - Ұлы Георгийдің орденіне (Георгий кресті) айналды. Алайда, Кеңес заманы орнаған тұста Георгий лентасы мемлекеттік марапаттан алынып, оның орнына Даңқ ордені – үлкен әскери шен есепті Гвардиялық лента келді. 

Көлік инспекторы Виктор Кирьянов бүкіл ғұмырын саралай отырып, бір қызықты дерекке куә болған. Оның айтуынша, Георгий лентасын таққан көлік жүргізушілері аз апатқа ұшырап, тіптен, мүлдем қатерге түспейтін болып шығыпты. Дәл осы бір тұжырымды растайтын статистика бүгінгі таңда мұрағаттардың бірінде сақтаулы. 

2010 жылдың 4 мамырында Кишинёва орталығына әлемдегі ең ұзын Георгий лентасы төселді. Ұзындығы – 360 метр. Оған дейін Севастополь қаласындағы 300 метрге жетіп жығылатын Георгий лентасы ұзын саналып келген еді (ені – 3 метр). Өз кезегінде Георгий лентасының ұзындық өлшеміндегі ең алғашқы бастамасы Симферопольден бастау алған. Ұзындығы 50 метрге, ені 3,5 метрге пара-пар болатын әлгі лента 2009 жылы жасалыпты.  

Георгий лентасының жасалу жолы: 

сурет:мұрағаттан

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

А. Әбілхан