Құлқадыр Закиев: "Бізге Жеңіс қиындықпен берілді"

Құлқадыр Закиев: "Бізге Жеңіс қиындықпен берілді"

Құлқадыр Закиев – еңбек ардагері. Жеңіс күніне Астанаға қонаққа келген ардагер көрнекті жерлерді аралап, жастарға соғыс жылдары жайлы әңгімелер айтты.

Атыраулық ардагердің жасы 84-те. 1941-жылы, яғни соғыс басталғанда Құлқадыр ата 12-жасар бала еді. Соғыс қыспағымен еңбекке ерте араласып, 1944-жылы 15-жасар жас жұмысшыға айналды. 

"Бәрі де майдан үшін!" деген ұстаныммен өмір сүрген біз үйімізде тоқылған нәскилерге дейін майданға жіберіп отырғанбыз", – дейді ардагер ата.

Құлқадыр ата немерелерімен

"Үсті мата, асты ағаш аяқ киім киіп, бір отбасына 300 грамм нан жеген біздер, соғыстың қиыншылығына шыдап өскен едік..."

Еңбекке әбден кірісіп, ол әскерге 1949-жылы 21-жаста кетіп, соғыстан кейінгі қиын заманда өз борышын орындады.

"Соғысты жеңдік, тәуелсіз ел болдық. Бұның бәрі заманның, уақыттың өзгерісі."

"Өткен өмір мен үшін керім рахат болған жоқ. Жақсының бәрін қазір көріп жатырмын. Еліміздің гүлденуі, балаларымның көмегі үшін Аллаға шүкір..."

"Жастарымыз ақылды, Елбасымыз аман, жеріміз тыныш болсын!" – деп батасын берді Құлқадыр ата.

Сұхбаттасқан және суретке түсірген: Сания Аринова

А. Әбілхан