Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 9 МАМЫР 2013 / 9 мамыр. Нұркен Әбдіров

9 мамыр. Нұркен Әбдіров

9 мамыр. Нұркен Әбдіров

Әбдіров Нұркен 1919 жылы Қарқаралы өңірінде бұрынғы 5-ші ауыл, қазіргі Нұркен атындағы шаруашылық аумағында шаруа отбасында дүниеге келген. Кейін ата–анасымен бірге Қарағандыға қоныс аударып, қалада әуе клубында ұшқыш мамандығын игерген. Соғыс басталғанда Нұркен Орынбор әуе училищесінде оқитын. Майданға аттануға көп ұмтылған оны алдымен Ташкенттегі, одан кейін Сібір қалаларының біріндегі шабуылшы әскери ұшқыш дайындайтын курстарға жіберді.

Оқуды тәмамдағаннан кейін Нұркен 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды.

Нұркен Әбдіров талай әуе шайқасына қатысып, ерлік пен өжеттік, әскери шеберлік танытты, әр тапсырманы мұқият орындап отырды. Қазанның 23 күні тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: "Егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп қуанышты, бақытты өмірмен қоштасамыз..."

Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, көптеген жаяу әскерді құртты.

1942 жылдың 19 желтоқсанында ержүрек батыр өзінің серігі, атқыш әрі байланысшы Саша Комиссаровпен бірге соғыс аспанына соңғы рет самғап шықты. Боков - Пономорев станциясы маңайында олар тас құрсанған жаудың үлкен алты танкісін, бірнеше атыс ұясын, зенит артиллериясының екі қондырғысын жойып жіберді.

Жау оғы самолетке дөп тиіп, өртене бастады. "Өзекті жанға бір өлім" деген ой шарпып өткен ұшқыш, отқа оранған күміс қанат сұңқарды фашист танктері шоғырланған тұсқа қарай бұрды. Осылайша құлдилай құлаған самолет ішіндегі Нұркен мен оның қандыкөйлек серігі Александр Комиссаров екеуі ақырғы рет қаншама жауды қырып, өздерімен бірге ала кетті.

Осы ерлігі үшін Нұркен Әбдіровке 1943 жылдың 31 наурызында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Сарыарқа сұңқары осылай мерт болды. Қарағанды енбеккерлері, олардың ішінде кеншілер Нұркен Әбдіров атындағы самолетке қаржы жинап, жауға аттандырды. Бұл самолет кейін Жеңіске дейін қатарда болды.

Ростов облысындағы Боков станциясының іргесіндегі Конек ауылында жерленген Нұркеннің басында қызыл тастан қашалған ескерткіш бар. Қарағандының қақ ортасында батыр Нұркен бейнесі мәңгілікке орнықты, Нұркен ауылында да ескерткіш орнатылды. Қарағандыдағы спорт сарайы да Нұркен Әбдіровтың есімін иеленген.

Батырдың анасы Бағжан бәйбіше Боков станциясының құрметті азаматы болып табылады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Материалды дайындауға Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ресми сайтындағы ақпарат пайдаланылды

сурет: fotki.yandex.ru 

15968 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 10 мамыр 2013, 16:30
Пікірлер
+0
10 мамыр 2013, 11:16

неткен ерлік! аңыз сияқты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...