Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 9 МАМЫР 2013 / 9 мамыр. Ұлы Отан соғысы ардагерлері атындағы көшелер

9 мамыр. Ұлы Отан соғысы ардагерлері атындағы көшелер

9 мамыр. Ұлы Отан соғысы ардагерлері атындағы көшелер

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне берілген көше атаулары

 Момышұлы атындағы көше (Алматы)

Көшеге өрліктің символы, ұлтжандылықтың үлгісі, белгілі жазушы, Панфиловшылар дивизиясы полкінің қолбасшысы, аты аңызға айналған халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 31.01.1985 №3153 шешімі) берілген. Бауыржан Момышұлы (1910-1982) Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Көлбастау елді мекенінде дүниеге келген. Ол – «Артымызда Москва», «Төлеген Тоқтаров», «Генерал Панфилов», «Ұшқан ұя» шығармаларының авторы. Көше Әуезов ауданында орналасқан. Райымбек даңғылынан басталып, Новостройка көшесіне дейінгі аралықта созылып жатыр. Төле би, Жұбанов, Абай, Шаляпин көшелерін қиып өтеді. Көшенің ұзындығы - 4500 метр.

Клочков атындағы көше (Алматы)                                                                       

 


Клочков атындағы көшеге 28 гвардияшы-панфиловшы жауынгердің бірі, Кеңестер Одағының Батыры – Василий Георгиевич Клочковтың есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 10.07.1979 №269 шешімі) берілген. Клочков Василий Георгиевич (1911-1941) Саратов облысында дүниеге келген. Оның «Шегінетін жер жоқ, артымызда Москва» деген сөзі Мәскеуді қорғаушылардың ұранына айналды. Сол ұран Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалына ойылып жазылды. Көше Алатау, Алмалы, Бостандық аудандарында орналасқан. Төле би көшесінен басталып, Тимирязев көшесіне дейін созылып, «Атакент» көрме кешеніне барып тіреледі. Бұрынғы атауы – Жетінші көше. Көшенің ұзындығы – 2200 метр.

Қайсенов атындағы көшесі (Алматы)

 

Алматыдағы көшелердің тағы біріне қазақ батыры, жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің есімі берілген. Қайсенов Қасым (1918-1995) Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асубұлақ ауылында дүниеге келген. Ол өзінің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы бастан өткерген оқиғалары негізінде «Жас партизандар», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары» т.б. прозалық шығармаларын жазған. Көше Медеу ауданында орналасқан. Көшенің ұзындығы – 1400 метр.

Ғабдуллин атындағы көше (Алматы)

Көшеге жазушы, ғалым, әдебиеттанушы, қоғам және мемлекет қайраткері Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллинніңесімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 08.08.1973 №282 шешімі) берілген. Мәлік Ғабдуллин (1915-1973) Көкшетау облысының Зеренді ауданы, Қойсалған елді мекенінде дүниеге келген. Ол қазақ білімінің қарашаңырағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының ректоры болды.

Көше Бостандық ауданында орналасқан. Ол Жароков көшесінен басталып, «Көктем - 1» шағынауданын қиып өтіп, Байтұрсынұлы көшесіне барып тіреледі. Әуезов, Манас, Байзақов, Марков, Байтұрсынұлы көшелерін қияды. Бұрынғы атауы – Астрономическая көшесі. Көшенің ұзындығы – 1050 метр.

Көше бойында Алматы облыстық «Дарын» орта мектебі, И.А.Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы орналасқан.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: egemen.kz,  kaznpu.kz

22554 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 04 мамыр 2013, 11:14
Пікірлер
+0
04 мамыр 2013, 13:42

бағана Ғабдулин көшесіне тұңғыш рет бардым) Б. Момышұлы атындағы көшеде де болғам, қалған екеуін білмейді екенмін :oops: жалпы батырларымызға қандай құрмет көрсетсе де жарасады

+0
04 мамыр 2013, 15:47

аз ақ адамға берліген сияқты ғой

+0
04 мамыр 2013, 23:04

біздің Атырауда привокзальный,авангард,светлана т.б көшелер көп,тіпті сол көшелердің мағынасын да біле бермейміз және қазаққа тән көше аты емес!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?

Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...
Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...

Өмірдің симфониясы болған сыңғырлар.

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...