Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 9 МАМЫР 2013 / 9 мамыр. Хыйуаз Доспанова: "Тірі қалғаныма қуанамын"

9 мамыр. Хыйуаз Доспанова: "Тірі қалғаныма қуанамын"

9 мамыр. Хыйуаз Доспанова:

Ел басына күн туған шақта етігімен су кешкен тек ерлер ғана емес. Нәзік жандылардың да қанды майданға құр қарап отыруға ары шыдамады. Оларды ешкім жетектеп ұрыс алаңына алып келген жоқ. Олар өз еркімен елден жырақтап, бәріне де бас тікті. Осындай батыр әйелдердің бірі – Хыйуаз Доспанова.


Қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш батыр ұшқыш...

Қазақтан шыққан алғашқы ұшқыш қыз 1922 жылы мамыр айының 15-інде Атырау облысында өмірге келген. 2008 жылы Алматы қаласында көз жұмған Хыйуаз апамыз Халық Қаһарманы атанған батыр әйелӘкесi — Қайыр балықшы, анасы — Меруерт мұғалiм болып еңбек еткен. 

Хыйуаз  Доспанова – Ұлы Отан соғысында әскери ұшақпен аспан төріндегі ерлігімен танылған, ал соғыстан кейінгі бейбіт өмірде қайраткерлігімен дараланған қазақтың қаһарманы.

Хыйуаз да Отанын шын сүйген сол кездегі албырт жастардың бірі болатын. Кеңес заманындағы авиацияның жетістіктері мен ұшқыштардың сан түрлі ерлік істері жөніндегі үгіт-насихат қазақ қызының да осы салаға деген ынтызарлығын оятқан. Осындай ой-қиялдың тұңғиығында жүрген қағілез де пысық қыз ақыры дегеніне жетіп, 1940 жылы мектепті үздік деген бағамен бітірген.

Хыйуаз Доспанова соғысқа баруға қалай қабылданды?

Мектеп бітіргеннен кейін, Хыйуаз Мәскеуге оқуға кетеді. Бірінші ол, Жуковский атындағы Әскери-әуелік академиясына құжат тапсырды, бірақ, оны қабылдамағандықтан, Хыйуаз Бірінші Мәскеулік медицина институтына түсті. Бірінші курс бітірген соң, 1941 жылдың жаз айында Хыйуаз демалысқа Қазақтанға кетіп бара жатқан кезінде соғыс басталды. Мәскеуде қалуға тура келді. Хыйуаздың соғысқа өз еркімен барғысы келді. Бұл кезде Хыйуаз  да майданға медбике, тегі болмаса, санитар болып кетсем бе деп талпынып жүрген. Сөйтіп жүргенінде, ол әйгілі Марина Раскованың қыз-келіншектерден авиаполк құрып жатқандығын естиді. Бұл Хыйуаз сияқты нағыз өршіл жас үшін өзінің кім екендігін көрсетіп қалатын жақсы мүмкіндік еді. Бұны Хиуаздың өзі де жақсы түсінеді. Көктен сұрағаны жерден табылған  қайсар  қыз ойланбастан, бірден аталған полк басшысына келеді. Қазақ  қызына полк басшылығы алғашында сенімсіздікпен қараса да, жауынгерлер құрамына қабылдайды. Сөйтіп, жауынгер қыз Саратов қаласының әскери әуе училищесіне жіберіледі. Мұнда штурмандар даярлайтын арнайы курсты аяқтаған жас қыз 1942 жылдың көктемінде сол кездегі авиация тарихында тұңғыш рет құрылған, түнгі мезгілде жау шептерін бомбалайтын әйелдер авиаполкінің құрамында майданға аттанады.

Хыйуаз Доспанова соғыстан кейін...

Отан үшін от кешкен батыр әйел 1945 жылы соғыс аяқталып, Кеңес Одағы Жеңіске қолы жеткен тұста ол еліне екінші топтағы мүгедек болып оралды...

Осыдан кейін ол өзінің сүйікті кәсібінен алыстап қалды. Соғыста жараланып, денсаулығын құртып алған әйел ұшқыш мұнан кейін қалай ұшақ жүргізуге отырсын?.. Содан кейін ол оқуын медицина саласында жалғастырғысы келді, бірақ, оған партиялық қызмет ұсынды. Хыйуаз Алматыдағы Жоғарғы партиялық оқу орнына түсіп, өзінің болашақ жолдасы Шаку Амировпен танысты. Екі ұл бала сүйді. Бірақ кіші баласы екі жасында қайтыс болды.

Әйткенмен, денсаулығына байланысты 37 жасында Хыйуаз Доспанова зейнетке кетуге мәжбүр болды.

Соғыстағы ерліктері үшін батыр қыз «Қызыл Жұлдыз», «II дәрежелі Отан соғысы» ордендері мен «Кавказды азат еткені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарын иеленіп, әскери атағы аға лейтенант шеніне дейін өседі.

"Тірі қалғаныма қуанамын", - дейді екен аспаннан 14 рет құлаған Хыйуаз апамыз... 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: history.voxpopuli.kz

1912 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 08 мамыр 2013, 09:42
Пікірлер
+0
08 мамыр 2013, 10:37

Мақтан тұтатын ер апамыз!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...