Форумшылар сайысының нәтижесі

Форумшылар сайысының нәтижесі

Құрметті Массагет порталының қолданушылары! Халықаралық әйелдер мерекесіне орай сайтымызда болған форумшылар байқауы өз мәресіне келіп жетті. Сайыстың нәтижелерімен таныс болыңыздар!

 Фотографтар байқауы

Сайысымызға ат салысып қатысқан, өз аналарының, құрбыларының, жеңгелерінің суреттерін жіберген қолданушыларымызды атап өтейік.

"Менің анам - алтын..." сайысында

"Дәл өзіңдей болса ғой жеңгелердің барлығы!"  

"Бауырым, бақытым сен!"

Ақындар байқауына қатысқан жалғыз қолданушымыз  өлеңдерін тағы бір оқып шығайық. 

Себезгі сәуле түсіп көктен керім, 
Бататын ұзақтау боп кеткенде күн.
Қытымыр қысты тағы ұзатып сап,
Кеше ғана түсірдім көктем-келін!

Шуақ, нұрдан лағылды тағынып күн,
Жетегіне ілесіп бақ-үміттің.
Ақ қысымның жалығып ызғарынан,
Көкиемімнің жылуын сағыныппын!

Сүңгілерді күншуақ жібіткесін,
Береке мерекеме күліп ке(л)сін!
Әйел - Ана, гүл қыздың қуанышы,
Ұлықтамау бұ күнді жігітке сын.

Қазағым думандатып күн өткерген,
Айтайық анаға алғыс жүректерден.
Тәңірім бағын, барын айырмасын,
Жайықтың ерке қызы Жібектерден.

Қылығымен айналған аты аңызға,
Киелі төрін берген атам қызға.
Өнегелі тәрбие, тәлім көрсін,
Дарысын қарттар берген батамыз да.

Қарлы сең сай-салаға жайса етегін,
Тоңды жарар алғашқы бәйшешегім.
У да шу, сәби күліп, қарт қуанып,
шат шадыман көңілі әр шешенің.

Жүректерді алғанда күй еншілеп,
Отырайық Тәңірдің сыйын тілеп.
Ғұмырлы боп ата-ана, ұл қыздары,
Бар қазағым қуансын "сүйіншілеп"

Форумда жазылғандай, байқауға қатысушылардың саны аз болғандықтан, байқау жеңімпаздарын нақты көрсете алмаймыз. Байқаудың барлық шарттары орындалған да жоқ. Әр тақырып бойынша тек бір ғана сурет жарияланғандықтан, сол суретті салған қолданушыны жеңімпаз деп тапсақ, әділетсіз болайын деп тұр. Әйткенмен, туыстарының суреттерін жариялап, байқауға қатысқысы келген барша форумшыларға алғыс айта отырып, осындай марапаттау сыйлығын жолдағалы отырмыз. 

Сайысқа қатысқан қолданушылар сайтымыздың админдеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Дайындаған: Сания Аринова

С. А